• KMF
  • Жаңалықтар
  • KMF Банк және Proparco Қазақстанда шағын бизнесті қаржыландыруды кеңейтуде
28.07.2026

KMF Банк және Proparco Қазақстанда шағын бизнесті қаржыландыруды кеңейтуде

Алматы, шілде. KMF Банк және Proparco - AFD тобына (Agence Française de Développement, Франция) кіретін даму қаржы институты $50 млн. көлемінде қаржыландыруды тарту туралы келісімге қол қойды.

Қазақстанның микро және шағын бизнеске қызмет көрсетуге маманданған қаржы институты - KMF Банк Proparcoұсынған 50 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарыз есебінен кәсіпкерлерді қаржыландыруды кеңейтеді. Бұл қаржыландыру өңірлер мен шалғай елдімекендердегі бизнеске ерекше көңіл бөле отырып, бүкіл ел бойынша кәсіпкерлерге ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын алуға мүмкіндікті арттыра түседі.

Шағын бизнес Қазақстан экономикасының негізгі драйверлерінің бірі болса да әлі күнге, әсіресе, еліміздің ірі қалаларынан тыс жерлерде ұзақ мерзімді қаржыландыруға қолжетімділігі шектеулі. Инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейту кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірлердің барынша теңдестірілген экономикалық дамуына ықпал ететін болады.

KMF Банк несие портфелінің 90%-дан астамы бизнесті қаржыландыруға бағытталған. Кең филиалдық желінің және кәсіпкерлерді қолдаудың 30 жылға жуық тәжірибесінің арқасында банк өзін бүкіл ел бойынша шағын бизнеспен жұмыс істейтін Қазақстанның жетекші қаржы институттарының бірі ретінде танытты.

50 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі несие желісі KMF Банкке кәсіпкерлерге несие беру ауқымын едәуір кеңейтуге, оларға инвестиция салуға, бизнесті дамытуға және бүкіл Қазақстан бойынша жергілікті экономиканы нығайтуға қосымша мүмкіндіктер беруге жол ашады.

«Микро және шағын бизнесті қолдау – стратегиямыздың негізгі бағыты. Proparco-мен жасалған келісім кәсіпкерлерді қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, халықаралық жетекші даму институттарының бірімен серіктестігімізді нығайтады. Бұл Қазақстанда шағын бизнесті қаржыландырудың орнықты экожүйесін қалыптастыру жолындағы тағы бір маңызды қадам», – деді KMF Банк Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

«Біз жаңа қаржыландырудың арқасында KMF Банкпен серіктестігімізді нығайтуға қуаныштымыз. Қазақстанның жетекші қаржы институттарының біріне ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын ұсына отырып, Proparco шағын бизнесті одан әрі дамытуға, қаржылық қолжетімділікті кеңейтуге және ел экономикасының жеке секторының орнықты өсуіне атсалысады», – деп атап өтті Proparco Еуразия бойынша өңірлік директоры Стивен Гардон.

Бұл мәміле Proparco мен KMF Банк арасындағы төртінші мәміле және Қазақстанда кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге және жеке секторды дамытуға деген ортақ ұстанымға негізделген көпжылдық серіктестікті көрсетеді. Сондай-ақ бұл мәміле инклюзивті және орнықты экономикалық өсуге атсалысатын жетекші жергілікті қаржы институттарын қолдау арқылы Proparco-ның Орталық Азиядағы қатысуын одан әрі нығайтады.

Proparco туралы

Proparco — Францияның даму қаржы институты және Франция даму агенттігі тобының (AFD Group) жеке сектормен жұмыс жасау жөніндегі бөлімшесі. 50 жылдан астам уақыт бойы Proparco 115-тен астам елдегі компаниялар мен қаржы институттарын қаржыландыру және қолдау арқылы Африка, Азия, Латын Америкасы, Еуразия және Таяу Шығыс елдерінің орнықты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дамуына атсалысып келеді.

Proparco жаңартылатын энергетика, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау және білім беруді қоса алғанда, дамудың негізгі секторларында айтарлықтай сараптамаға иелік етеді. Ұйым қаржылық құралдардың кең спектрін ұсынады — компанияларды дамытудың әртүрлі кезеңдеріне бейімделген кепілдіктер, несиелер және инвестициялар, сондай-ақ серіктестерінің тиімділігі мен орнықтылығын арттыруға бағытталған Propulse бағдарламасы арқылы техникалық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар Digital Africa еншілес компаниясы Африка елдеріндегі дамудың алғашқы кезеңдеріндегі технологиялық стартаптарды қаржыландыруға маманданған.

26 өкілдікті қамтитын халықаралық желінің арқасында Proparco өз клиенттерімен және олардың серіктестерімен тығыз жұмыс істейді, әділетті және орнықты әлем құруға ықпал етеді.

Proparco AFD тобының құрамына кіреді және әлемнің 100-ден астам елінде жеке сектор жобаларын қаржыландырады. KMF Банкпен ынтымақтастық халықаралық даму институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті қаржыландыруға және Орталық Азиядағы қызметін кеңейтуге деген қызығушылығын растайды.

KMF Банк ұзақ жылдар бойы халықаралық даму қаржы институттарымен серіктестік орнатып келеді. Proparco-мен жаңа келісім халықаралық серіктестердің банкке деген сенімінің және оның Қазақстандағы микро және шағын бизнесті қаржыландырудағы рөлінің тағы бір дәлелі болды.

Артқа қайту