KMF 20 млрд теңгеге облигациялар шығарды
KMF компаниясы "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда алаңында купондық облигацияларын орналастырды. Сауда-саттыққа шығарылған құнды қағаздардың жалпы көлемі – 20 млрд теңге, өтеуге орташа алынған кірістілік жылына - 17,75%.
Осылайша KMF құнды қағаздарын төртінші рет шығарды және бұл жолғы айналым мерзімі - 12 ай. Инвесторлар қатарында заңды тұлғалар да, бөлшек сауда инвесторлары да бар.
Орналастыру андеррайтерлері "Halyk Finance" АҚ, "BCC Invest" АҚ және "Сентрас Секьюритиз"АҚ болды.
KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов: "Облигацияларды орналастыру нәтижесінде тартылған сома біздің миссиямыз бен стратегиямызды іске асыруға мүмкіндік береді, KMF оны 27 жылдан бері берік ұстанып келеді, ол - елімізде шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту".
KMF – Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Нарықта 1997 жылдан бастап жұмыс істейді, микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырады. KMF-тің Қазақстан бойынша 17 филиалдан және 120 бөлімшеден тұратын ауқымды желісі және сапалы әрі әртараптандырылған кредиттік портфелі бар. Айта кетейік, KMF 2023 жылы Қазақстандағы МҚҰ-лар арасында түскен табыс бойынша көшбасшы болды.
Бүгінге дейін 750 мыңнан аса адам KMF клиенті болды, оларға жалпы сомасы 1,9 трлн теңгеге 3,4 млн микрокредит берілді.
KMF қазақстандық және халықаралық қаржы ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ал KMF тұрақтылығы Fitch Ratings-тің «Тұрақты» «B+» кредиттік рейтингімен расталады.