• KMF
  • Новости
  • Кәсіпкерлік рухының қолдаушыларына

Кәсіпкерлік рухының қолдаушыларына

07.04.2016

Газеті "Казахстанская правда" (Астана), 29.05.2013ж.

Еуропалық Қайта құру және даму банкі елдегі аса ірі банктік емес микрокредиттік ұйым KazMicroFinance-ге он миллион доллар бөлді.

Қарыз ұлттық валютада ұсынылды, бұл елдің алыс аудандарында, негізінен ауылдық жерлерде орналасқан ұсақ кәсіпкерлер мен фермерлердің кредиттерге қол жетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта KMF 78 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетеді, бүгінгі күннің өзінде оларға 87 млн.-нан астам долларды ұсынды.

– Ұсақ, шағын және орта кәсіпорындар кәсіпкерліктің рухының қолдаушылары болып табылады, – деп санайды ЕҚДБ президенті сэр Сума Чакрабарти. – Біз, Қазақстанда ауылдық жерлердегі кредиттерге қол жетімділік, банктің бұрыннан келе жатқан әріптесі –KMF компаниясы сияқты банктік емес мекемелердің көмегімен жақсара алады деп санаймыз.

– ЕҚДБ кредитінің арқасында біз қазіргі және әлеуетті клиенттердің үмітін ақтай аламыз – деп мәлімдеді өз кезегінде KMF-тің басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов. – Алыс аудандардағы ауылдық жерлерде операцияларды кеңейтіп, ауыл шаруашылығының өндірісімен және кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарға шағын қаржыландыру жөніндегі жоғары сапалы қызметтерді ұсынатын боламыз.

Банк осы сектордағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді өзінің Қазақстандағы басымдыққа ие міндеттерінің бірі деп санайды. ЕҚДБ ондаған жылдар бойы өз бағдарламасының шеңберінде мыңнан астам компаниямен әріптестік жасады, ал биылғы жылы ҚР Үкіметі алғаш рет банктің шағын бизнесті қолдау жөніндегі бағдарламасын бірлескен қаржыландырудың қызметін жүзеге асырады, деп атап көрсетілген ЕҚДБ-нің хабарламасында. 20 жылдың ішінде банк жалпы Қазақстанның экономикасына шамамен 6,3 млрд. долларды инвестициялады, және де жобалардың жартысынан астамы жекеменшік секторға қолдау көрсетуге бағытталған.

Алла ДЕМЕНТЬЕВА

Артқа қайту