• KMF
  • Новости
  • IFC және KMF кәсіпкерлерге көмектеседі
IFC және KMF кәсіпкерлерге  көмектеседі

IFC және KMF кәсіпкерлерге көмектеседі

16.06.2021
IFC еліміздегі KMF МҚҰ-ға 25 миллион АҚШ долларына дейін береді. 

Жаңа инвестиция Қазақстандағы микро және шағын кәсіпорындарға (МШК) COVID-19 пандемиясының экономикалық зардабын жоюға, қызметін қайта бастауға және дағдарыстан кейінгі экономикалық ортаға бейімделуге көмектесу үшін оларды қолдауға бағытталады.

IFC еліміздегі жетекші микроқаржылық ұйым –- KMF МҚҰ-ға 25 миллион АҚШ долларына дейін береді. Қазақстандық теңгеде номинацияланған қаржылық пакет түрлі секторларда, әсіресе өз қызметін елдің жеткіліксіз қызмет көрсетілетін өңірлерде жүзеге асыратын микро және шағын кәсіпорындарды (МШК) кредиттеу бағдарламасын қолдайды. KMF-тің Қазақстан бойынша 14 филиалы мен 110 бөлімшесі бар, 217 000 клиентке қызмет көрсетеді, олардың көбісі ауылдық жерлерде және шалғай аудандарда тұрады.

Микро, шағын және орта кәсіпорындар (МШОК) Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 27% астамын қамтамасыз етеді, оларды қаржыландырудың тапшылығы елдің ЖІӨ 22,9% немесе 42 миллиард долларға бағаланады, соның 8,4% микрокәсіпорындарға тиесілі. Пандемияға дейін де кредиттік ресурстарға оңайлықпен қол жеткізе алмаған көптеген шағын кәсіпорындар қазіргі уақытта жоғары тәуекел мен белгісіздікке тап болып жатыр.

KMF Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов: «Біз IFC-ке, әсіресе пандемия және осыған байланысты экономикалық қиындықтар кезеңінде уақытылы қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Клиенттеріміз бизнестерін қалпына келтіріп жатқаныменен, оларда айналым қаражатын толықтыру үшін қаржыландырудың жеткіліксіздігі айқын байқалады. Сондықтан IFC-тің бұл қаражаты 180 мың клиент тарапынан сұранысқа ие болады, сонымен қатар кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға және Қазақстан экономикасын қалпына келтіруді жеделдетуге ықпал ететін болады», - деп атап өтті.

Соңғы бірнеше жылда IFC кредиттерді, тәуекелдерді басқару бойынша шешімдерді және корпоративтік басқаруды жақсарту үшін консультациялық қызметтерді қосқанда, жалпы сомасы $190 млн. құрайтын бірқатар қаржы өнімдерімен KMF-ті қолдап келеді.

IFC-тің Орталық Азиядағы аймақтық менеджері Кассандра Колберт: «Біз KMF-пен ұзақ мерзімді ынтымақтастығымызды жалғастыруға қуаныштымыз, өйткені микроқаржыландыру секторы пандемиядан зардап шеккен шағын және орта кәсіпорындарды қолдауды жалғастыруға тырысады. Шағын бизнес экономкалық дамуда, жұмыс орындарын құруда және кедейлікті қысқартуда маңызды рөл атқарады. Біздің Қазақстандағы инвестицияларымыз бизнес үшін қиын уақытта қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етуге көмектеседі», - деп атап өтті.

Артқа қайту