Қаржылық сауаттылық енді РАДИОДА!
Қаржылық сауаттылық енді РАДИОДА!
Қазақстан Республикасы тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 8 желтоқсанынан бастап «Қазақ радиосы» мен «Tengri FM» радиоларында аудио-роликтер сериясы іске қосылды.
Қазақ тіліндегі бағдарлама 8-ші және12-желтоқсаны аралығында сағат 09.54 және 18.54-те Қазақ радиосының (101.0 толқынында) «Қаржылық сауаттылық» бағдарламасында шығады. Бағдарлама диктор мен KMF өкілі арасындағы диалог ретінде өткізіледі.
Орыс тіліндегі бағдарлама «Tengri FM» (107,5 толықынында) радиосындағы Ирина Лелявскаяның қаржылық тақырыпқа мамандандырылған «Большая экономия» авторлық бағдарламасында 8-12, 15 және 18-19 желтоқсан аралығында сағат 09.15 және 18.15 -те 8 бағдарлама болып шығады.
Біздің бағдарламаларымызды тыңдаңыздар!