• KMF
  • Новости
  • Қаржылық сауаттылық – табыс жолы!

Қаржылық сауаттылық – табыс жолы!

04.11.2014

2014 жылдың 1 қарашасында Алматы қаласында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Қаржылық сауаттылық – табыс жолы» атты конференция болып өтті.

Конференцияға Қазақстанның шағын қаржы ұйымдары Ассоциациясының өкілдері, «КМF-Демеу» Қамқоршылық Кеңесі, БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны «КМF-Демеу» Копоративті Қорының Бас директоры Ибрагимова Рауза Абдулвахитовна ашты. Өз баяндамасында қазіргі қоғамға қаржылық сауаттылықтың маңыздылығына тоқтап, «KMF» МКҰ» ЖШС 2013 жылдың желтоқсанынан басталған қаржылық емес қызметтерінің қорытындысын шығарды.

Қаржылық білім бағдарламасына қатысқан 5200 жуық қатысушылар арасында өткізілген зерттеу нәтижесі бойынша 71% астамы жобаға өте жақсы деген баға берді. 80% астамы жобаны қажет деп санайды және 70% қаржылық сауаттылық бойынша өтетін сабақты жалғастырғысы келетінін білдірді.

Бүгінгі күні тек компания ұйымдастырған шаралардан 30 000 жуық қазақстандық қаржылық сауаттылығын арттырды. 10 000 жуық түрлі деңгейдегі семинарлар, 100-ден аса кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылды.

«Конференцияны өткізудегі басты мақсат - қаржылық сауаттылық саласындағы озық біліммен және тәжірибемен алмасу. Алынған нәтиже барлық қатысушыларға пайдасы мол, ал берілген ұсыныстар тәжірибелік қызметте сәтті қолданыс табады деп сенеміз. Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша конференция барлық қаржы институттарын біріктіре отырып, қатысушылар тәжірибесінің негізінде бірлесіп шешім қабылдайтын тиімді алаң болады деген үміттеміз», - деп атап өтті «КМF-Демеу» Копоративті Қорының Бас директоры Ибрагимова Рауза Абдулвахитовна.

2015 жылдың жоспарында - отбасы бюджетін басқару кезінде қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі жобаны дамыту және «Бизнесті басқаруда қаржылық сауаттылықты арттыру» жобасын іске қосу. Бұл бөлім туралы толығырақ халықтың қаржылық сауаттылығы саласындағы халықаралық сарапшы Владимир Туницкий толығырақ тоқталып өтті.

Жоба шеңберінде барлық 10 сабақ бойынша «КМF-Демеу» қысқа метражды мультипликационды фильмдерді түсіруді қолға алды. Болашақта мультфильмдер ғаламторға енгізіліп, көпшілікке қолжетімді болады.

Жоба мақсаты қаржылық сауаттылық арқылы табысы төмен отбасыларға әл-ауқатын арттыру және оқыту семинарларына тегін қатысу мүмкіндігін бере отырып қаржылық мүмкіндіктер туралы білімін кеңейту екенін еске сала кетейік.

мей с низкими доходами через повышение финансовой грамотности и расширение знаний о финансовых возможностях путем предоставления им возможности бесплатного участия в обучающих семинарах.

Артқа қайту