Алматыдағы Клиент күні
Ашық есік күні KMF компаниясы бейілді клиенттерді арнайы шақырып, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, компания жаңалықтарымен бөлісті.
«Қалдаяқовтағы» филиалға үстіміздегі жылы 15 жыл толды және дәл осы филиалда компанияның миллионшы кредиті берілді. Филиалдың Қапшағай, Есік, Талғар, Шелек қалаларында 4 бөлімшесі бар. Осы филиал облыстың 116 елді мекенін қамтиды. Филиалдағы белсенді клиенттердің 74% Алматы қаласынан тыс ауылды жерлерде тұрады. Филиал клиенттермен бірге өсіп келеді (биылғы жылы кредиттік қоржын 2 млрд. теңгеден асып түсті), мысалы, Шелек ауылындағы бөлімше жаңа әрі кең кеңсеге көшті.
KMF-тің ізгі дәстүріне айналған шараға бұрыннан кредит алып жүрген және бизнестерін дөңгелетіп отырған отыз шақты клиент шақырылды.
Клиенттеріміз үшін тұрмыстық техниканың ұтысы, пайдалы семинарлардың таныстырылымы өткізілді. Шара соңында өткізілген бизнес жәрмеңке әр кәсіпкерге өзінің өнімдерін таныстыруға мүмкіндік берді.
Ал шараның ең маңызды бөлігі дәстүрлі түрде өткізілетін пікірлер жәрмеңкесі болды: клиенттер ұжымдық талқылаудан кейін қызмет көрсету сапасын жақсартуға, инновацияларды ендіруге бағытталған кез келген ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Барлық ұсыныстар тыңдалып, басшылық қарауына жіберілді.
Былтырғы жылы өткен Клиент күнінің қорытындысы бойынша 4 ұсыныс келіп түскен болатын, соның үшеуі осы жылы нақты жүзеге асып отыр.
Клиенттер ұсынған және KMF жүзеге асырған ойлар:
- жеке және топтық кредиттеуде кредит беру мерзімдерінің сомаларын ұлғайту;
- «Быстрое решение» кредиттік өнімі бойынша кредиттеуді жаңғырту;
- ішкі және сыртқы «Қайта қаржыландыру».
Сондай-ақ клиенттермен кездесу барысында «Бизнестегі әйел» жобасы таныстырылды, «Кәсіпкер әйелдердің көшбасшылық және басқару дағдыларын нығайту» семинары және «Бизнес-линза» бизнесті бағалау құралының таныстырылымы өткізілді. Семинардан кейін барлық әйелдер қалаулары бойынша осы жобаға қатысты сауалнаманы толтырды.
Клиент күні шарасының соңында ұтыс ойнатылып, үш клиент тұрмыстық техника дүкендерінің сыйлық картасына ие болды.
Жиын соңында барлық клиенттерге KMF Басқарма Төрағасының атынан алғыс хаттар тарту етілді. Филиал директоры барлық келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, істеріне сәттілік пен табыс тіледі.