«Рахымды заттардың жәрмеңкесі» қайырымдылық шарасы!

22.09.2014

2014 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы қаласының Орталық демалыс саябағында Қала күніне орайластырып ұйымдастырылған «Рахымды заттардың жәрмеңкесі» қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл шараға KMF-тің Бас кеңсе қызметкерлері қатысты. Олар аталған Шараға қатысуға белсенділік танытып, үйдегі пайдаланбайтын заттарын әкеліп өткізді, ол заттар тозып үлгермеген тіпті, кейбірі ұсталмаған және алушыға қуаныш әкелетін заттар. Жәрмеңкеден түскен қаражат Құлымбетов көшесімен қиылысатын Түркебаев көшесі,143- үйдің жанында орналасқан балалардың ойнау алаңын жарақтандыруға жұмсалатын болады.
Немқұралылық танытпаңыздар!

Артқа қайту