• KMF
  • Новости
  • Қостанай облысындағы Әулиеқөл ауданының аса ірі ауылы болып табылатын Әулиекөлде KMF-тің кеңсесі ашылды

Қостанай облысындағы Әулиеқөл ауданының аса ірі ауылы болып табылатын Әулиекөлде KMF-тің кеңсесі ашылды

28.03.2017
Мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылық дақылдарын өсірумен айналысатын ауданда қолжетімді қаражатқа сұраныс көп. «Ауыл тұрғындарына біздің бағдарламамыздың өзектілігі, сондай-ақ, клиенттер санының артуы Ақжайық ауданынан өз өкілдігімізді ашуға ықпал етті». Компания бүгінгі таңда қарқынды дамуда, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, олардың іскери белсенділіктеріне оң ықпал ету және әл-ауқатын арттыру мақсатында ауыл тұрғындарын қолжетімді қаржымен қамтытуды басты жоспарға қойып отырмыз», - деп түсіндіріп өтті KMF-тің Қостанай филиалының директоры Максим Титов. KMF Қостанай облысында бес жылдан бері қызмет көрсетіп келеді осы аралықта кредиттік қоржыны 1,3 млрд. теңгені құрап, сол өңірдің 4500 астам тұрғынына қол жетімді кредиттік бағдарлама шеңберінде кредит алу мүмкіндігін ұсынып, кең географиялық бағдарламамен қамтып отыр. KMF Микроқаржылық ұйымы - Қазақстандағы микрокредиттеу нарығының көшбасшысы болып табылады. Еліміз бойынша 3000 астам елді мекенді қамтып, басым бөлігі, яғни жалпы клиенттер санының 70 % құрайтын, 120 000 астам ауыл тұрғындарын қамтып отыр. Қазақстан бойынша ауылдағы клиенттерге 76 ауылдық жерде орналасқан бөлімшелер қызмет көрсетеді. Жалпы алғанда КМF кредиттік қаражатының көмегімен ауылдық жерде 50 000 астам жұмыс орны ашылған. Олар фермерлер мен үй маңы шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары. Кредит ауыл тұрғындарына жыл бойы қолжетімді, тұқым себуге, ЖЖМ алуға, жем-шөп дайындауға, егін жинауға, техника мен мал қораларға жөндеу жүргізуге беріледі. KMF клиенттерінің 64% әйелдер екенін атап өткен жөн. Жалпы Микрокредиттеу саласы, әсіресе ауылдық жерде, қазақстандықтарды қол жетімді қаржымен қамтамасыз ету арқылы аса маңызды әлеуметтік міндет атқарады. Сол себепті KMF компаниясы да облыс тұрғындарының бизнесін дамытуға және оны кеңейтуге кредит беруін жалғастыра бермек.
Артқа қайту