Қазақстанда жаңа банк пайда болмақ
27.06.2023
«OnlineKazFinance» микроқаржы ұйымы банкке айналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұндай шешімді 21 маусымда ұйымның жалғыз акционері қабылдаған. Ұйым басшылығының бұл шешімі туралы ақпарат 27 маусымда KASE сайтында жарияланды.
Акционердің шешімі бойынша «ұйымды микроқаржы ұйымынан банкке айналдыру бойынша ерікті түрде қайта құру» жүзеге асырылады. Жаңа екінші деңгейлі банк Solva Bank деп аталады және акционерлік қоғам болады. Ерікті қайта құру аясында банктің бизнес-жоспары Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес бекітіледі.
Басқа жаңалықтар
Жастар кәсіпкерлігі: KMF пен ЕҚДБ қолдауымен арманға бастар жол
03.04.2025
KMF банк болады! Сіздің ісіңізге мол мүмкіндік, жайлы жағдай!
28.03.2025
1 сәуірден бастап KMF мобильді қосымшасы мен ресми сайты арқылы микрокредитті өтеу кезінде қолданылатын комиссия мөлшерлемесіне өзгерістер енгізіледі
28.03.2025