- KMF •
- Жаңалықтар •
-
Алматыда клиент күні
24.07.2017
Алматыда клиент күні
Алматыда Клиент күніі KMF компаниясы бейілді клиенттерді арнайы шақырып, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, компания жаңалықтарымен бөлісті.
Алматыдағы филиалға үстіміздегі жылы 15 жыл толды және дәл осы филиалда компанияның миллионшы кредиті берілді. Филиалдағы белсенді клиенттердің 74% Алматы қаласынан тыс ауылды жерлерде тұрады. Филиал клиенттермен бірге өсіп келеді (биылғы жылы кредиттік қоржын 10 млрд. теңгеден асып түсті), мысалы, Шелек ауылындағы бөлімше жаңа әрі кең кеңсеге көшті.
KMF-тің ізгі дәстүріне айналған шараға бұрыннан кредит алып жүрген және бизнестерін дөңгелетіп отырған 41 шақты клиент шақырылды.
Клиенттеріміз үшін тұрмыстық техниканың ұтысы, пайдалы семинарлардың таныстырылымы өткізілді. Шара соңында өткізілген бизнес жәрмеңке әр кәсіпкерге өзінің өнімдерін таныстыруға мүмкіндік берді.
Ал шараның ең маңызды бөлігі дәстүрлі түрде өткізілетін пікірлер жәрмеңкесі болды: клиенттер ұжымдық талқылаудан кейін қызмет көрсету сапасын жақсартуға, инновацияларды ендіруге бағытталған кез келген ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Барлық ұсыныстар тыңдалып, басшылық қарауына жіберілді.
Былтырғы жылы өткен Клиент күнінің қорытындысы бойынша 4 ұсыныс келіп түскен болатын, соның үшеуі осы жылы нақты жүзеге асып отыр.
Артқа қайту
Басқа жаңалықтар
KMF Банк мобильді қосымшасында енді Kaspi QR арқылы саудаңыздың ақысын төлеуге болады
15.06.2026
АҚШ долларындағы валюталық шот ашып, қалдық қаражатқа жылдық 1% табыс алыңыз
08.06.2026
2026 жылғы 27 мамырдан бастап төмендегі қызмет бойынша жеке тұлғаларға арналған тарифтерге өзгеріс енгізілетінін хабарлаймыз
29.05.2026