Fitch KMF МҚҰ-ға ұзақ рейтинг берді

11.06.2021
Fitch Ratings 9 маусымда «KMF» микроқаржылық ұйымы» «B+» деңгейінде, «Тұрақты» болжамына ие эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («ЭДР») бергені туралы хабарлады.
Fitch Ratings 9 маусымда «KMF» микроқаржылық ұйымы» ЖШС-ға «B+» деңгейінде, «Тұрақты» болжамына ие эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («ЭДР») бергені туралы хабарлады.

- KMF-тің мықты тұстарына ұзақ уақыт бойы тұрақты қызмет атқаруын, МҚҰ нарығындағы көшбасшы позициясын, кредиттік тәуекелдің төмен деңгейін жатқызуға болады,- деп есептейді Fitch сарапшылары.

Fitch берген рейтинг корпоративтік басқарудың жоғары деңгейін, қаржылық ашықтықты, шетел және жергілікті инвесторлар арасында KMF-тің мінсіз беделін растап отыр.

- Бұл рейтинг компанияның тұрақты позициясын көрсетеді және KMF-тің жаңа қаржыландыру көздеріне, бірінші кезекте, биржаға шығуы жөніндегі шешімге оң әсер етеді,- деп хабарлады KMF қаржы директоры Ольга Югай.

KMF-тің бизнес-моделінің әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталуы, ауыл тұрғындары мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту KMF-ті оң бағалаудың қосымша елеулі факторлары болды. Компания ESG (әлеуметтік ықпалды ұстану) шкаласы бойынша 5 баллдан 4 балл алды.

- Негізі қаланған сәттен бастап KMF әйелдер кәсіпкерлігін белсенді дамытуға, ауыл тұрғындарының қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге, Қазақстанның 160 мыңнан астам тұрғынын қамтыған қаржылық сауаттылық бойынша жаппай жобаны жүзеге асыруға үлкен мән беріп келеді. Ірі рейтинг агенттіктерінің бірі Fitch-тен рейтинг алу біз үшін компанияның дамуындағы оң тренді растайтын маңызды оқиға, - деп атап өтті KMF Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.
Артқа қайту