• KMF
  • Клиентке
  • Мерзімі өткен берешекті реттеу

Мерзімі өткен берешекті реттеу

Құрметті клиенттер!


Егер Қарыз алушы жеке тұлға болып табылса, онда ол күнтізбелік 30 күн ішінде (банктік қарыз шарты (бұдан әрі – Шарт) бойынша мерзімін өткізіп алу орын алған күннен бастап)


А ) Банкке барып, жазбаша түрде өтініш беруге;
Б) не болмаса өтінішті өзге жолмен беруге (Шартта көзделген) құқылы.

Өтініште мерзімін өткізудің туындау себептері, кірістер және басқа да расталған фактілер көрсетілуі керек.

Банк өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушы ұсынған өзгерістерді қарайды және жазбаша нысанда не Шартта көзделген тәсілмен қарыз алушыға:
1) Шарт талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;
2) Шарт талаптарын өзгерту жөнінде өз ұсыныстары;
3) бас тартудың себептеріне уәжді негіздеме келтіре отырып, Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабарлайды.

Банктің Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешімін алған жағдайда немесе өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайда, Қарыз алушы Банк шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Банкті бір мезгілде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. 
Қарыз алушы Банктер туралы заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес Шарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен берешекті енгізу қажеттілігі туралы Банктің талаптарын қанағаттандырмаған жағдайда, Банк Банктер туралы заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, ақшаны, даусыз тәртіппен, оның ішінде Қарыз алушының банктік шоттарында бар төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу Шартта ескертілген болса) құқылы.
Банк қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Шартта көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге коллекторлық агенттікке беруге (Шартта Банктің осындай құқығы болған жағдайда), Заңның 36-1-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғаға Шарт бойынша құқықты (талап етуді) беруге, Шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап арызбен жүгінуге, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға құқылы.