KMF-тің 2025 жылғы негізгі көрсеткіштері

6
ДК мүшелері, адам
33,3
Тәуелсіз директорлар, %
50
Басқармадағы әйелдердің үлесі, %
9
ESG-Комитет отырыстары, бірл.
80
Жаңа қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, %
100
Мерзімінде қаралған өтініштер, %
0
Заңнаманы елеулі түрде бұзу
92,3
Жергілікті жеткізушілердің үлесі, %
13478
Салық аударымдары, млн теңге

2025 жылы KMF екінші деңгейдегі банкке айналуына байланысты корпоративтік басқару жүйесін айтарлықтай нығайтты.  Директорлар кеңесінің құрамына 6 мүше кіреді, олардың екеуі — тәуелсіз директорлар (33,3%). Басқарма құрамындағы әйелдердің үлесі 50% құрайды.  Директорлар кеңесінің жанында Стратегиялық жоспарлау және орнықты даму комитеті (ESG) жұмыс істейді, ол 2025 жылы 9 отырыс өткізіп, 48 мәселені қарады.

2025 жылдың ақпанында Банк БҰҰ Жаһандық шартына қосылып, оның 4 қағидасын ұстанатындығын растады. Жаңа қызметкерлердің 80%-ы және басшылардың 73%-ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті. Клиенттердің жолдаған өтініштерінің барлығы белгіленген мерзімде қаралады — уақытында қарау көрсеткіші 100% құрайды.

Ақпараттық қауіпсіздік саласында Банк ISO/IEC 27001:2022 сәйкес басқару жүйесін (АҚБЖ) енгізді және PCI DSS стандарты бойынша сертификаттаудан өтті.   

Жергілікті жеткізушілерден сатып алу үлесі 92,3%-ға жетті. 2025 жылы салық аударымдары 13 478 млн теңгені құрады.