- KMF •
- Жаңалықтар •
-
KMF Банк Алматыда «Жібек Жолы» атты жаңа бөлімшесін ашты
KMF Банк Алматыда «Жібек Жолы» атты жаңа бөлімшесін ашты
KMF Банк өзінің филиалдар желісін дамытып, клиенттерге қаржылық қызметтерді барынша жақындата түсуде. Алматының қақ ортасында – Назарбаев, 50 мекенжайында банктің жаңа «Жібек Жолы» бөлімшесі ашылды.
Бөлімшенің қала орталығында орналасуы Алматы тұрғындары мен бизнес өкілдері үшін банктік қызметтерді жедел әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді.
Мұнда жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтердің кең ауқымы ұсынылады. Клиенттерге кассалық қызмет, салым мен ағымдағы шот ашу, несие рәсімдеу қызметтері қолжетімді. Бұдан бөлек, бөлімше корпоративтік клиенттерге де қызмет көрсетеді.
«Жібек Жолы» бөлімшесінің жұмыс кестесі:
Клиенттерге қызмет көрсету: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Касса: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін.
Сенбі және жексенбі: демалыс.
Бүгінгі таңда KMF Банк 17 филиал мен 123 сату нүктесін қамтитын еліміздегі ең тармақталған филиалдар желісінің біріне ие.