Заңды кәсіптің мүмкіндігі мол
20.11.2023
Экономикалық саясаттағы қазіргі үрдіс – ішкі жалпы өсімде шағын және орта бизнестің үлесін арттыру.
Дүниежүзілік банктің мәлімдеуінше, әлемдік бизнестің 90%-ын шағын және орта бизнес өкілдері құрайды. Қазақстанда бұл сала әлі де дамып, қалыптасу үстінде. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерлік секторы қазір біздің елдегі жалпы ішкі өнімнің 36,5 пайызын, ал көршілес Өзбекстанда 50 пайыздан астамын құрап отыр.