Tengri News: KMF пен JICA микробизнесті қаржыландыруға 50 миллион доллар бөледі
29.02.2024
KMF компаниясы жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (Japan International cooperation Agency, JICA) заем туралы келісімшарт жасасты. Агенттік бөлген сома әйелдерге тиесілі кәсіпорындарды қоса алғанда, жеке секторды қаржыландыруға бағытталады.
KMF мамандарының айтуынша, бұл инвестиция микробизнес үшін қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуға, сондай-ақ оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда микро және шағын бизнестің үлесі компания портфелінің 90%-дан астамын құрайды. Бұл ретте 40%-ға жуығы ауыл шаруашылығының үлесінде. Сондықтан, JICA қаражатыагросекторды қолдауға да бағытталады.
Толығырақ сілтемеде.