• KMF
  • Новости
  • Алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті
Алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті

Алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті

24.12.2021
Алаяқтардың айтқаны қаншалықты сендірерлік болса да, олардың айла-әрекеттеріне алданып қалмау үшін барынша абай болыңыз!

Құрметті клиенттер, алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті!

Қоңырау шалушы өзін KMF МҚҰ қызметкері немесе коллекторлық компанияның қызметкері ретінде таныстырады. Микрокредитті өтеуге, төлем сомасын және мерзімін өзгертуге көмек көрсетемін деген желеумен ол Сізден жеке деректерді хабарлауды сұрайды не болмаса картадағы ақшаны сақтап қалу керек деген сылтаумен телефоныңызға арнайы қосымшаны орнатуға мәжбүрлейді.

Қашықтан қатынау бағдарламаларының көмегімен алаяқтар құпия кодтар және құпиясөздер көрсетілген банктің барлық СМС хабарламаларын көреді, клиенттің жеке кабинетіне кіріп, қаражатты өз шоттарына аударады немесе клиенттің атынан кредит рәсімдейді.

Алаяқтардың айтқаны қаншалықты сендірерлік болса да, олардың айла-әрекеттеріне алданып қалмау үшін барынша абай болыңыз!

Есіңізде болсын!

KMF МҚҰ қызметкерлері Сізден ЖСН, банк картасының нөмірін және т.б. айтуды немесе ақшаны қандай да бір «қорғалған шотқа» аударуды ешқашан талап етпейді. Бұл тек алаяқтардың әрекеті!

Күмән туындаған жағдайда – сөйлесуді тоқтатыңыз немесе 7474 нөмірі бойынша KMF МҚҰ байланыс орталығына қоңырау шалыңыз.

 

Назад к разделу