• KMF
  • Новости
  • StanKZ: KMF пен Жапониялық халықаралық ынтымақтастық агенттігі Қазақстандағы микробизнесті дамытуға 50 миллион доллар бөледі

StanKZ: KMF пен Жапониялық халықаралық ынтымақтастық агенттігі Қазақстандағы микробизнесті дамытуға 50 миллион доллар бөледі

29.02.2024
KMF - JICA жапониялық халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қазақстандық алғашқы серіктесі. Бірлескен жоба шеңберінде бұл агенттік KMF-ке 50 млн доллар бөлмек. Ал бұл қаржы ауылдық жерлердегі шағын кәсіпті қаржыландаруға бағытталады.

“KMF алғаш рет JICA-мен меморандумға қол қойды, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған ұйымның мақсаттары мен миссиясы бізге жақын. Бұл нақты секторды қолдау, бизнес климатын жақсарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. JICA-дан қорландыру ауылдағы кәсіпкерлерге жұмыс істеп тұрған бизнестерін кеңейтуге, кірісті арттыруға және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін жобаларды жүзеге асыруға бағытталады”, - деді KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов. 

Толығырақ сілтемеде.

Назад к разделу