• KMF
  • Новости
  • Шығыс Қазақстан филиалы үшін жыл сайын өткізілетін «Клиент күні» - атаулы мереке болып табылады.

Шығыс Қазақстан филиалы үшін жыл сайын өткізілетін «Клиент күні» - атаулы мереке болып табылады.

15.09.2016
Бұл шара өзіңнің қонақжайлылығыңды көрсететін, клиенттермен компания жаңалықтарымен бөлісетін, ең бастысы біздің қарыз алушылардың ұсыныстарын, тілектері мен тың пікірлерін тыңдайтын бірегей мүмкіндік.

Шараға қатысқандардың көпшілігі түрлі бизнеспен айналысатын компанияның бейілді клиенттері. Кеңсеге кіре берісте кредиттік сарапшылар клиенттерді күтіп алып, тіркеуден өтіп сыйлықтарын бергеннен кейін залдағы орындарына отырғызып, ізеттілік көрсетті.
Филиал директоры Людмила Юрьевнаның компания жетістіктері жайлы айтқан сөзінен кейін, жаңа бейілділік бағдарламасының таныстырылымы болып өтті. Жаңа бағдарламаны Бас кеңседен келген қызметкер Лысенко Ольга таныстырды. Клиенттер кредит берудің жаңа шарттарына қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, шарттардың көңілдерінен шыққанын жеткізіп жатты. Клиенттердің деңгейін жұлдыз санына қарай анықтау шарттары клиенттердің көпшілігіне ұнады. «Пікірлер жәрмеңкесі» топтық жұмыс жүргізілді. Клиенттер тарапынан келелі пікірлер айтылды, барлық қатысушылар талқылауға белсенділікпен қатысты. Ортаға шығып сөз алғандар өздері жайлы, бизнестері мен компания арасындағы серіктестік жайлы баяндады.
 
Сертификаттардың ұтысы өте тамаша көңіл күйде өтті. Жеңіс иелерін шараға қатысушылар қуана құттықтап, естелік суретке түсті. Қонақтар шара соңында салтанатқа арнайы жайылған дастарқаннан дәм татып, өзара таныстық орнатты. Келген қонақтар компания қызметкерлерінің көрсеткен қонақжайлылықтары мен ізгіліктеріне дән риза болып, ыстық ықыластарын білдірді!

Осы үлгіде Риддер және Шемонаиха бөлімшелерінде де « Клиент күні» өткізілді.

Назад к разделу