Шағын және орта бизнеске микроқаржы ұйымдары несие беріп отыр
18.10.2022
МҚҰ несие портфелі 1 жылда 58 пайызға өсті
ШОБ-қа екінші деңгейлі банктерден бөлек, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) қаржылық қолдау көрсетеді. Екінші деңгейлі банктермен салыстырғанда, олардың филиалдық желісі кең және үлкен аумақты қамтиды. Микроқаржы ұйымдарының нарығы ҚР несие нарығының дамуына елеулі үлес қоса отырып, несие көлемінің жылдан жылға серпінді өсіріп жатыр. Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ҚР МҚҰ несие портфелі 58% өсіп, 838,3 млрд теңгеге жетті, деп жазады Ranking.kz.