• KMF
  • Новости
  • ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша KMF мен ҚазҰАУ арасындағы меморандумға қол қою.

ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша KMF мен ҚазҰАУ арасындағы меморандумға қол қою.

18.04.2017

KMF микроқаржылық ұйымы мен Қазақ Ұлттық аграрлық университеті 60 000 астамы KMF клиенттері болып табылатын, ауыл шаруашылығымен айналысатын,  ҚазҰАУ-дың ауыл шаруашылығы саласындағы білімі мен технологиясын ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңінен ендіруді  және пайдалануды,   сондай-ақ университет студенттері үшін старт-ап жобаларын өткізуді қарастыратын серіктестік туралы меморандумға қол қойды.    

2017 жылдың 19-20 сәуірі аралығында ҚазҰАУ қабырғасында өткізетін Студенттік старт-ап байқауын өткізу  еліміздің ауыл шаруашылық саласы дамыған аймақтарда, әсіресе оңтүстік аймақта  алдыңғы қатарлы  жаңашыл технологияларды тәжірибелі енгізу үшін жеткілікті тәжірибелік базаны қамтамасыз етеді. Аталмыш байқау жастардың  бастамаларын қолдау және Агроөнеркәсіп саласын қолданбалы тұрғыда дамытуы  мақсатында жүзеге асырылады.   

«Соңғы жылдары  біз  ауылдық жерлердегі клиенттерімізге  белсенді түрде жан-жақты  қолдау көрсетіп келеміз.

Біз фермерлердің қаржыландыру көзі мен қаржылық сауаттылықтан өзге  ауыл шаруашылық дақылдары және мал өсіру үшін білім  мен  жаңа технологияларға мұқтаж екенін көріп отырмыз. ҚазҰАУ-мен серіктестік аясында  біз өзімізді   фермерлеріміз қолдануы үшін  және  олардың өз өнімділіктерін арттыруы  мақсатында  университетте жасалған  технологиялар мен білімнің тиімді трансферттік механизмі ретінде көреміз»,  - деп атап өтті KMF Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Тараптар  Еліміздегі  жетекші   аграрлық ЖОО мен  Қазақстандағы аса ірі микроқаржылық ұйымы арасындағы серіктестік ғылыми-қолданбалы  зерттеулерді дамыту  және көптеген сала бойынша отандық ғалымдардың алдыңғы қатарлы зерттемелерін енгізу бойынша тиімді нәтиже беруге қабілетті: ресурстарды үнемдеу, мелиорациялар, жеміс, дән және басқа да  дақылдардың көшеттерін өсіру әдістемесі.  

«Университет  республика аумағынан тыс  жерлерде белгілі ғылыми мектептерге  ие,   ол жерде: 60 астам жаңа  түрлері бар, будандастырылған және ауыл шаруашылық дақылдарының және  ағаш өсімдіктерін,  өте сирек кездесетін тұқымдарды, жануарлар мен құстардың  түрлерін мен желілерін, 150 ден астам вакцина түрлерін, диагностикумдар, тағамдық дәмдік және емдік препараттар мен тағамдар, ауылшаруашылық көліктерінің түрлі конструкциясы, биогазды, жел-су-гелий құрылғылар мен басқа да механизмдер.   

KMF микроқаржылық компаниясы секілді институттарға қолдау көрсете отырып,  біз өз күшімізді  студенттердің жобаларын, ғылыми идеяларын қолдауға жұмсаймыз,   аграрлық ғалымдар мен тәжірибелі фермерлер арасындағы байланысты қамтамасыз етеміз»,- деп атап өтті  Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің  ректоры, ҚР ҰҒА академигі Есболов Тілектес  Исабайұлы. 

Тараптар ұзақ мерзімді  жемісті серіктестікке және Қазақстандағы АӨК  дамытуын ынталандыратындығына үмітті.    

Назад к разделу