• KMF
  • Новости
  • Микроқаржы ұйымдарының жиынтық несие портфелі 838 млрд теңгеден асты

Микроқаржы ұйымдарының жиынтық несие портфелі 838 млрд теңгеден асты

08.11.2022
Елімізде шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бағытталған микроқаржы ұйымдары көш бастап келеді.

Қазақстанның микроқаржы нарығы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Мысалы, осы жылдың екінші тоқсанының аяғында елдегі 243 микроқаржы ұйымының жиынтық несие портфелі 838,3 млрд теңгені құраған. Бұл былтырғыға қарағанда 58%-ға көп. Соңғы 5 жылда Қазақстанның МҚҰ микронесиелеу көлемі 6,4 есеге ұлғайған,  деп жазады inbusiness.kz  finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап  ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің микроқаржы қызметті лицензиялауды енгізуі салаға оң ықпал етті. Бір жыл бұрын елімізде 217 микроқаржы ұйымдары тіркелсе, осыдан бес жыл бұрын олардың саны 146 болған.

Толығырақ сілтемеде.


Назад к разделу