• KMF
  • Новости
  • Микроқаржы ұйымдарының саны елдің қай аймағында көп?

Микроқаржы ұйымдарының саны елдің қай аймағында көп?

23.11.2022
Осы жылдың маусым айының соңына қарай Қазақстанда 243 микроқаржы ұйымы жұмыс істеді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артық.

Микроқаржы компанияларының активтері бір жылда 54,7%-ға, 997 млрд теңгеге дейін өсті. Берілген микрокредит көлемінің жылдық өсімі 58%-ды құрады, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Микроқаржы ұйымдарының саны екінші деңгейлі банктерге қарағанда 10 есе көп. Сондай-ақ олардың филиалдары республика аймақтарында ашылған.

Микроқаржы ұйымдарының ең көп саны Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында шоғырланған (116 компания). Ақмола облысы мен Астана қаласындағы саны 27-ге жетті. 

Толығырақ сілтемеде.


Назад к разделу