МҚҰ несиесі 58% өсті

23.11.2022
Микроқаржы ұйымдарының нарығы қарқынды дамып келеді. 2022 жылдың маусым айының соңына қарай ҚР-да 243 МҚҰ жұмыс істеп тұр, бұл рекордтық сан, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 12% көп, деп хабарлайды ranking.kz.

Микроқаржы компанияларының активтері бір жылда 54,7% өсіп, 997 млрд теңгені құрады, ал берілген шағын несиелер көлемінің өсімі бір жылда 58% құрап, 838,3 млрд теңгеге жетті.

МҚҰ ҚР банктерімен салыстырғанда, әсіресе еліміздің шалғай аудандарында, моноқалалар мен ауылдарда клиенттерді де кеңінен қамтиды. МҚҰ саны ЕДБ санынан ондаған есе көп және олардың филиалдық желісі республика бойынша таралған. МҚҰ көпшілігі Алматы қаласында және оған жақын орналасқан Алматы және Жетісу облыстарында шоғырланған: филиалдар мен аймақтық бөлімшелерді қоспағанда 116 компания. Ал Ақмола облысы мен Астанада МҚҰ саны 27-ге жетті

Толығырақ сілтемеде.


Назад к разделу