KMF-тің "Айхай 25!" науқаны аяқталды
18 қарашада тікелей эфирде өткен "Айхай 25!" науқанының гранд финалында үш жеңімпаздың есімі анықталды! Науқан атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, биыл KMF өзінің 25 жылдығын атап өтуде!
Сондықтан KMF өз клиенттерін бағалы сыйлықтармен қуантуды жөн санады. Айта кетейік, науқан екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде 100 смартфон ойнатылып, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жеңімпаз клиенттерімізге табыс етілді. Бірінші кезең жеңімпаздарының тізімін мына сілтеме бойынша көруге болады.
Екінші кезеңде компания жолдамаға екі сертификат пен жаңа Chevrolet Nexia автокөлігін ойнатты!
Сертификаттардың иелері:
1. Саидам Алимжановна – Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы;
2. Айқын – Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы.
Ал бас жүлде автокөлікті Сәуле есімді клиентіміз (Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы) жеңіп алды.
Көп ұзамай жеңімпаздарымызға сыйлықтары табыс етіледі, бақытты сәттің естелік суреттерімен міндетті түрде бөлісетін боламыз.
Науқанға барлығы 30 мыңнан аса клиентіміз қатысты. Шарттары қарапайым - бизнесті дамытуға 500 000 теңгеден жоғары соманы рәсімдеу болды. Осыдан кейін клиенттер автоматты түрде ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік алды.
KMF сыйлықтары мұнымен таусылмайды. 21-қарашадан бастап клиенттерімізге арналған «1 000 000-ға тур!» жаңа науқаны басталды. Ол 2023 жылдың 31-қаңтарына дейін жалғасады. Оған қатысу үшін кез келген мақсатқа 500 000 теңгеден жоғары сомаға микрокредит рәсімдеу керек. Жүлде қоры – әрқайсының номиналы 1 000 000 теңге болатын саяхатқа арналған 14 сертификат!
Жеңімпаздар 2023 жылдың 10-ақпанында KMF-тің Instagram желісіндегі @kmf_kz парақшасында өтетін тікелей эфирде анықталады.
Жаңалықтарымызды өткізіп алмаңыздар! Жеңімпаз атануға әрқайсыңыздың мүмкіндіктеріңіз бар!