• KMF
  • Новости
  • KMF Талғарда (Алматы облысы) болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектесті
KMF Талғарда (Алматы облысы) болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектесті

KMF Талғарда (Алматы облысы) болған өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектесті

18.04.2022
KMF-те қызмет көрсету жағдайлары мен шарттары қарастырылды.

2022 жылы 7 сәуірде Талғар қаласының орталық базарында алапат өрт болды. Аяқ киім мен киім сататын бірнеше қатар отқа оранды. 224 бутикке (контейнерге) зақым келген, олардың арасында 35-і KMF клиенттеріне тиесілі. Компания шұғыл әрекет етіп, зардап шеккен кәсіпкерлерге қол ұшын созып, қолдау көрсетті. 

KMF-те қызмет көрсету жағдайлары мен шарттары қарастырылды. Нәтижесінде компания екі клиенттің қазіргі бар қарыздары бойынша қайта құрылымдауды қарастырып, негізгі берешекті төлеуді үш айға кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынды. Тағы үш кәсіпкерге қосымша микрокредит беру жоспарланып отыр, олар тауар алып, бизнестерін жылдам қалыпқа келтіре алады. Жеті клиенттің бизнесі қатты жапа шекті – бүкіл тауар жанып кеткен. Оларға айтарлықтай көмек керек, сол үшін KMF көмектің бірқатар түрін қарастырып жатыр. Қалған 23 клиенттің сауда орындары айтарлықтай зардап шекпеген және олардың қосымша сауда нүктелері мен кіріс көздері бар, сондықтан қайта құрылымдаудан бас тартты.

Компания өз клиенттеріне кез келген уақытта қолдау көрсету үшін Талғардағы базар мен кәсіпкерлердің бизнесін қалпына келтіру жағдайларын жіті қадағалайтын болады.

 

 

Назад к разделу