KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді
13.12.2022
Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 25 жылдан бері кәсіпкерлікті микроқаржыландырумен айналысып келе жатқан KMF компаниясы жаңа және келісімшарттық арнайы техниканы сатумен айналысатын мультибрендті NKB Group компаниясының серіктес болды. Бұл ұйым нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді және еліміздегі ірі жеткізушілердің бірі болып табылады.
KMF компаниясы KMF-ProMotor микрокредиттік бағдарламасы аясында әлемдік танымал өндірушілердің арнайы техникаларын сатып алуды ұсынады. Микрокредиттің максималды сомасы - 60 миллион теңге, ал мерзімі - 84 айға дейін. Сонымен қатар, ай сайынғы төлемді KMF мобильді қосымшасы арқылы жеңіл әрі жылдам жүзеге асыруға болады. Айта кетейік, бұл өнім әзірше тек алматылық кәсіпкерлер үшін қолжетімді. Болашақта басқа аймақтардың тұрғындары да KMF-ProMotor-ды пайдалана алады.