• KMF
  • Новости
  • KMF қосымша шығарылым қорытындысы бойынша жалпы көлемі 10 млрд. теңгені құрайтын облигацияларды орналастырды
KMF қосымша шығарылым қорытындысы бойынша жалпы көлемі 10 млрд. теңгені құрайтын облигацияларды орналастырды

KMF қосымша шығарылым қорытындысы бойынша жалпы көлемі 10 млрд. теңгені құрайтын облигацияларды орналастырды

24.09.2021
KMF МҚҰ қосымша шығарылым қорытындысы бойынша жалпы көлемі 10 млрд. теңгені құрайтын облигацияларды орналастырды
KMF микроқаржылық ұйымы 2021 жылғы 23 қыркүйекте жылдық 13% кірістілікпен 2,679 млрд теңге көлемінде өз облигацияларын (MFKMb1, ISIN KZ2P00007883) қосымша орналастырды. Бұл орналастырудың андеррайтері «Halyk Finance» Қазақстан Халық банкі» еншілес ұйымы» АҚ болды. 8 қыркүйекте өз облигацияларын алғашқы орналастыру қорытындысы бойынша KMF 7,320 млрд теңге тартты.

2021 жылдың қыркүйегінде екі шығарылымның нәтижесінде KMF Қазақстандық қор биржасында (KASE) 10 млрд теңге тартты. Өтінімдер кітабын (book-building) қалыптастыру процесінде нарықтық сұраныстың жалпы көлемі институционалдық инвесторлар: сақтандыру компаниялары, инвестициялық пай қорлары, жауапкершілігі шектеулі серіктестер, сонымен қатар жеке тұлғалар тарапынан ұсынысқа қызығушылықты толық қанағаттандырды.

– Биржада біздің 10 млрд теңге мөлшеріндегі борыштық міндеттемелерімізді орналастыру қорытынддылары біздің бастапқы жоспарларымызға сәйкес келді. Бұл факт сауда-саттыққа барлық қатысушыларға біздің компаниямыздың үлкен әлеуетін, біздің клиенттеріміздің негізгі санаты – кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді әріптестікке бағдарланған МҚҰ бизнес-моделінің артықшылықтарын көрсетеді. Компания отандық инвесторлардан инвестиция тартуды, осылайша біздің компанияға деген сенімді арттыруды және бүкіл МҚҰ секторының беделін нығайтуды мақсат тұтады, - деп, KMF қаржы директоры Ольга Югай мәмілелердің нәтижелеріне түсініктеме берді.

– Капиталдың борыштық нарығында қорландыруды тарту бойынша мәмілелерді ұйымдастыруда озық тәжірибесі бар Halyk Finance корпоративтік сектордың сапалы эмитентін орналастыруға дайындықпен қатысты. Осы орналастырудың нәтижелері қазақстандық инвесторлардың квазимемлекеттік сектордан тыс борыштық құралдарға қызығушылығының артып отырғанын айғақтайды, - деп атап өтті Halyk Finance Басқармасы төрағасы Фархад Охонов.
Назад к разделу