• KMF
  • Новости
  • KMF клиенттеріне үндеу және ТЖ кезіндегі қолдау шаралары
KMF клиенттеріне үндеу және ТЖ кезіндегі қолдау шаралары

KMF клиенттеріне үндеу және ТЖ кезіндегі қолдау шаралары

12.01.2022
KMF командасы қызмет көрсетуді жалғастыру үшін
ТЖ режимі басталған сәттен бастап өзінің барлық сервистерін қалпына келтіру үшін
талмай жұмыс істеп жатыр. 

Құрметті клиенттер!

KMF командасы қызмет көрсетуді жалғастыру үшін ТЖ режимі басталған сәттен бастап өзінің барлық сервистерін қалпына келтіру үшін талмай жұмыс істеп жатыр. Интернет желісінің немесе ұялы байланыстың тұрақсыз болуына байланысты біздің мобильді қосымша, сайт немесе байланыс орталығы біраз уақыт қолжетімсіз болған болуы мүмкін. Бөлімшелердің жұмысы барлық өңірлерде қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта KMF-тің барлық бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

Сондай-ақ біз ірі микроқаржылық ұйым және клиенттерді қорғаудың халықаралық қағидаттарын ұстанатын, бизнесті жүргізудің әлеуметтік рейтингісіне ие компания ретінде ТЖ салдарында бизнесіне нұқсан келтірілген кәсіпкер-клиенттер үшін жеке қолдау шараларын әзірледік.

ТЖ режимі кезінде біз әзірлеген қолдау шаралары:

1.      Субсидиялау бағдарламасы. 2022 жылғы 31 наурызға дейін KMF-тен айналым қаражатын немесе негізгі құралдарды толықтыру үшін 50%-ға төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен (ішкі субсидиялау есебінен) қосымша қаражат алуға болады. 

Жеңілдікті қарыздар бизнесі тонаушылардың немесе террористердің әрекетінен зардап шеккен, сонымен қатар ТЖ режимі салдарында кәсіпкерлік қызметін тоқтатуға мәжбүр болған KMF клиенттеріне беріледі. Сонымен қатар негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі қарастырылған.

Қосымша барлық топтағы ҰҚМ мен ІҚМ шығаруға және көкөніс дақылдарын өткізуге уақытша тыйым салу салдарынан қиындықтар туындаған клиенттер.

2.      Кредиттік демалыс. Қатты зардап шеккен кәсіпкерлерге борыштың негізгі сомасын өтеуді 3 айға дейін кейінге қалдыру және сыйақыны есептен шығару мүмкіндігі беріледі.

3.      KMF-тен қатты зардап шеккен кәсіпкерлерге залал сомасына байланысты атаулы материалдық көмек көрсетіледі.

4.      Қайта құрылымдау. Сіздің сұрауыңыз бойынша өтеу кестесін өзгерте отырып, микрокредитті шұғыл қайта құрылымдап береміз. Өтінішті KMF бөлімшесінде жазып қалдыруға немесе restruct@kmf.kz электрондық поштасы арқылы жіберуге болады. Өтініш еркін нысанда толтырылады, онда кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру себебі көрсетіледі және өтінішке қаржы жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

Біз әрбір өтінішті клиенттің жағдайын ескере отырып, мұқият және шұғыл қарастырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс орталағына 7474 нөміріне (ұялы телефоннан тегін) немесе WhatsApp-қа 8 701 801 7474 нөміріне хабарласыңыз.

Барлық сынақтарды тез еңсереміз деп үміттенеміз!

Осы шаралар қолдау шарасы туралы өтінішпен жүгіне алатын компанияның қарыз алушыларына атаулы көмек көрсету шеңберінде әзірленді және KMF МҚҰ барлық филиалдарында қолданылатын болады.

КМF МҚҰ – Microfinanza Rating бағалауы бойынша «АА-» деңгейіндегі әлеуметтік рейтингке ие. Аталмыш рейтинг клиенттер, қоғам және қызметкерлер алдында әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан ілгерілеудің орын алғанын растайды.

2007 жылдан бері әлеуметтік рейтинг алған компаниялардың деректер базасында KMF – әлемде осындай жоғары әрекеттегі әлеуметтік рейтингке ие болған жалғыз МҚҰ.

 

Назад к разделу