• KMF
  • Новости
  • KMF клиенттеріне арналған жасыл қаржыландыру
KMF клиенттеріне арналған жасыл қаржыландыру

KMF клиенттеріне арналған жасыл қаржыландыру

31.08.2022
Энергия тиімді техниканың жемісті жұмысы 

Алматы облысында тұратын кәсіпкер Әділет Игісінов бірнеше жылдан бері жер қазу жұмыстарымен
айналысады. Жыл өткен сайын клиенттер саны артқандықтан, жұмыс өнімділігін және
жылдамдығын арттыру үшін арнайы техника сатып алу қажеттілігі туындады. Алайда
жабдық сатып алу үшін жеке қаражаты жетпеді. Кәсіпкер  KMF компаниясына хабарласты. 

Энергия тиімді техниканың жемісті жұмысы

Алматы облысында тұратын кәсіпкер Әділет Игісінов бірнеше жылдан бері жер қазу жұмыстарымен айналысады. Жыл өткен сайын клиенттер саны артқандықтан, жұмыс өнімділігін және жылдамдығын арттыру үшін арнайы техника сатып алу қажеттілігі туындады. Алайда жабдық сатып алу үшін жеке қаражаты жетпеді. Кәсіпкер KMF компаниясына хабарласты. Кредит сарапшысы ЕҚДБ-нің GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы айтып берді. Әділет осы бағдарламаның көмегімен техниканы микрокредит есебінен алып қана қоймай, жалпы сатып алу құнының 10% көлемінде өтемақы алуға болатынын білді.

 

Бұл ұсыныс Әділеттің көңілінен шықты, сөйтіп ол Жасыл Технологиялар Селекторы сайтында танымал Қытай өндірушісінің моделін таңдады. Оны кредит қаражаты есебінен сатып алды, енді кәсіпкердің иелігінде жаңа энергия тиімді тиегіш бар.

 

«Жаңа техникамен жұмыс істеген өте ыңғайлы, оны басқару қиындық туғызбайды және қызмет көрсету де оңай. Жанармай шығындары азайды, өйткені бұл тиегіштің энергия үнемдеу класы өте жоғары. Оған қоса, экологияны қорғауға өз үлесімді қоса алатыным қуантады, себебі тиегіш қоршаған ортаға аз зиянды заттар шығарады», - дейді Әділет Игісінов.

 

Ақтөбе қаласының кәсіпкері энергия тиімді балқыту пештерін орнатты.

 

Алина Есенгелдінова – Ақтөбелік кәсіпкер. Оның кәсіпорны түсті металдар мен оның сынықтарын балқытумен айналысады. Сондай-ақ кәсіпорын жеке тапсырыс бойынша жону және жонғылау жұмыстарын атқарады. Өнім сапасын арттыру және электр тұтынуды азайту үшін Алина Есенгелдінова жаңа жабдық сатып алуға шешім қабылдады. Өз қаражаты жеткіліксіз болғандықтан, ол «ҚМФ» микроқаржы ұйымына жүгінді. Кәсіпкер ханым балқыту пештерін ЕҚДБ-нің GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде сатып алуға болатынына қатты таңғалды. Одан өзге, бағдарлама шарттарына сәйкес энергия тиімділігі бағдарлама критерийлеріне жауап беретін жабдықты сатып алса, жалпы сатып алу құнының 10% көлемінде өтемақы берілетінін білді.

Алина тиісті жабдықты таңдап, бағдарлама мамандары бағалау үшін барлық қажетті құжаттарды өткізді. Мамандар жабдықтың техникалық сипаттамаларын тексеріп, оның жарамдылығын растады.

«Балқыту пештерін сатып алып, орнатқаннан кейін біз электр қуатына жұмсалатын шығындарды айтарлықтай төмендеттік. Жабдық заманауи, энергия тиімді және қоршаған ортаға қауіпсіз. Өнім сапасы жақсарып, балқыту уақыты қысқарды», - дейді Алина Есенгелдінова.

 

Оралдық кәсіпкер экскаватор-тиегіш сатып алды

Қасымжан Дүйсенғалиев – Орал қаласындағы құрылыс компаниясының директоры. Құрылыспен айналысады, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйлерді салады. Бұрын компания өз жұмыстарын атқару үшін арнайы техниканы жалға алуға мәжбүр болатын, бұл жұмыс процесін қиындатып, күрделі шығыстарды талап ететін.

Сондықтан Қасымжан Дүйсенғалиев өз техникасын сатып алуды ұйғарды, ол үшін KMF компаниясына жүгінді. Бұл жерде кәсіпкер ЕҚДБ-нің GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде микрокредит алуға болатынын білді. Оған қоса, жабдық Жасыл Технологиялар Селекторы тізімінде тіркелген болса, бағдарлама бойынша алынған қаражаттың 10% көлемінде өтемақы алуға болады.

 

Қасымжан Дүйсенғалиев микрокредит алып, күрделі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ жанармайды үнемді жұмсайтын заманауи экскаватор-тиегіш сатып алды.

 

«Мен KMF микрокредитінің және GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының көмегімен заманауи энергия тиімді техника сатып алғаныма өте қуаныштымын. Енді жалға берушілерден құрылыс көлігін іздеу қажеті жоқ. Қазір бізде заманауи экскаватор-тиегіш бар, ол әрқашан «жанымызда». Бұл компанияның жұмыс процесін айтарлықтай жеделдетті, сонымен қатар қоршаған ортаға оң әсер етеді. Ал экскаватор құнының 10% құрайтын өтемақы компаниямыз үшін жағымды бонус болды», — деп атап өтті Қасымжан Дүйсенғалиев.

Үнемді бүріккіш. Жамбыл облысының егіс алқабын жаңа техника өңдеп жатыр

Жаңа энергия тиімді бүріккіш кәсіпкерге жұмысты тездетуге және жанармайға шығынды азайтуға мүмкіндік берді.    

Джордон-Оғлы Джамали Қасымұлы 4 жылдан бері Жамбыл облысында егін шаруашылығымен айналысады. Ол пияз өсіреді, сонымен қатар жоңышқа мен томаттарды зиянкестерден қорғау үшін бүрку жұмыстарын жүргізеді. Жұмыс өнімділігін арттыру және жылдамдату үшін кәсіпкер арнайы техника мен жабдық сатып алуға шешім қабылдады. Барлық техниканы сатып алу үшін өз қаражаты жетпеді. Кәсіпкер микрокредит алу үшін KMF компаниясына жүгінді. Кредит сарапшысы ЕҚДБ-нің GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы туралы айтып берді. Кәсіпкер осы бағдарламаның көмегімен техниканы микрокредит есебінен алып қана қоймай, жалпы сатып алу құнының 10% көлемінде өтемақы алуға болатынын білді. Джамали Қасымұлы бұл ұсынысқа қызығып, Жасыл Технологиялар Селекторы сайтында танымал Украина өндірушісінің моделін таңдады. Оны кредит қаражаты есебінен сатып алды, енді кәсіпкер ұзақ уақыт отын құймай, ірі алқапқа бүрку жұмыстарын жүргізе алады, бұл отынды айтарлықтай үнемдейді. Оған қоса техниканы басқару компьютерлендірілген.

«Менде жұмыс көлемі өте үлкен, сондықтан техниканың сапалы болғаны маңызды. KMF микрокредитінің және GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының көмегімен мен жұмысты жылдамдатып, отын шығынын азайтуға мүмкіндік беретін жаңа энергия тиімді бүріккіш сатып алдым. Оның үстіне шығарындыларды азайту есебінен қоршаған ортаға қамқорлық жасаймын», — деп атап өтті Джордон-Оғлы Джамали Қасымұлы.

 

Жоба Ғаламдық Экологиялық Қордың (ҒЭҚ) және Австрия Федералды Қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

 

Назад к разделу