• KMF
  • Новости
  • KMF клиенттерін қолдау бағдарламасы
KMF клиенттерін қолдау бағдарламасы

KMF клиенттерін қолдау бағдарламасы

24.04.2020
Бағдарламаға ТЖ режимін енгізуге байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған
қарыз алушыларды қолдау шаралары, сонымен қатар ТЖ біткеннен кейін бизнесті
қаржыландыру және қалпына келтіру шаралары кіреді.   

ТЖ режимінің және карантиннің енгізілуіне байланысты KMF өз қарыз алушыларын қолдау бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаға ТЖ режимін енгізуге байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларды қолдау шаралары, сонымен қатар ТЖ біткеннен кейін бизнесті қаржыландыру және қалпына келтіру шаралары кіреді. 

 ТЖ режимін енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған қарыз алушыларды қолдау шаралары:

  1. Президент Жарлығына сәйкес қаржылық жағдайы нашарлаған клиенттерге кредиттерін кейінге шегеру мүмкіндігі берілді;

  2. ТЖ кезінде барлық кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімақылар есептелмейді;

  3. Бұған қосымша KMF, әлеуметтік бағдар ұстанған компания ретінде, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын клиенттерін қолдау үшін оларға 1 ай бойы пайыз есептеместен кредиттерін кейінге шегеруге шешім қабылдады. Бұл мүмкіндік 75 000 астам клиенттерімізге қолжетімді болады. Аталмыш шешімге байланысты барлық шығыстарды компания өз қаражаты есебінен өтейді, бұл ретте КМФ-тің мемлекеттен ешқашан қаржылық қолдау алмағанын атап өту қажет.

Кредиттері кейінге шегерілген клиенттердің кредиттік тарихы бұзылмайды.

KMF МҚҰ мобильді қосымшасында немесе кредиттік сарапшы арқылы кейінге шегеруге өтініш беруге, сонымен қатар жаңа өтеу кестесін алуға болады.

Қиын кезеңге қарамастан өз бизнесін дамытуға бел буған KMF-тің әрекеттегі қарыз алушылары үшін компания KMF Senim әлеуметтік кредитін әзірледі. 2020 жылдың 28 сәуірінен бастап 3 айдан 18 айға дейін 2 000 000 теңгеге дейінгі мөлшерде кредит алуға болады. Негізгі борышты төлеуді кейінге шегерудің жеңілдетілген кезеңі: әрбір кредиттеу жылында кәсіпкерлер үшін 3 айға дейін, табысы ауылшаруашылық қызметтен түсетін қарыз алушылар үшін 11 айға дейін. Бейілді клиенттер үшін стандартты сыйақы мөлшерлемесінен 5% мөлшерінде жеңілдік қарастырылған.

Сонымен қатар карантин жағдайында барлық клиенттерге мобильді қосымша қолжетімді әрі оның мүмкіндіктері күннен-күнге артуда. Қазіргі таңда қарыз алушылар мобильді қосымша арқылы кредитке өтінім бере алады, онда банктік картаны тіркей алады және өтінім мақұлданғаннан кейін кредит клиенттің картасына аударылады. Әсіресе бұл мүмкіндік ауыл еңбеккерлері үшін аса өзекті.

Компания аталмыш шаралар қарыз алушыларға өз бизнесін қолдауға көмектесетініне сенімді. ТЖ режимі аяқталғаннан кейін клиенттерге бизнесін қалпына келтіруге және қызметін жалғастыруға көмектесу үшін KMF жаңа кредит ұсынады.

Үш айлық кейінге шегеруден кейін бірінші төлемдерін төлеген қарыз алушылар бизнесін қалпына келтіру үшін KMF Qoldau кредитіне жүгіне алады. 12 айға дейін 1 000 000 теңгеге дейінгі соманы алуға болады. Негізгі борышты төлеуді кейінге шегерудің жеңілдетілген кезеңі: кәсіпкерлер үшін 3 айға дейін, табысы ауылшаруашылық қызметтен түсетін қарыз алушылар үшін 11 айға дейін.

Назад к разделу