• KMF
  • Новости
  • Қазақстанда іскер ханымдарға арналған республикалық байқау өтеді
Қазақстанда іскер ханымдарға арналған республикалық байқау өтеді

Қазақстанда іскер ханымдарға арналған республикалық байқау өтеді

01.07.2022
Өзінің 25 жылдығына орай KMF компаниясы және «KMF-Демеу» қоры «KMF Isker hanymy 2022» жүлдесін тағайындайды.


                Өзінің 25 жылдығына орай KMF компаниясы және «KMF-Демеу» қоры «KMF Isker hanymy 2022» жүлдесін тағайындайды.

Бизнеспен айналысатын KMF-тің белсенді клиенттері «KMF Isker hanymy 2022» байқауына қатыса алады. Барлығы төрт номинация белгіленген:

·         «Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін»;

·         «Бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін»;

·         «Әлеуметтік бизнес»;

·         «Қазылар алқасынан арнайы сыйлық».

Сонымен қатар байқауға қатысушылар KMF Isker hanymy 20221 бас жүлдесінің жеңімпазы атана алады.

Өтінімдер 2022 жылғы 1 шілдеден 1 тамызға дейін kmfiskerhanymy.kz сайтында қабылданады. Байқау осы жылдың 1 қазанына дейін жалғасады. Байқау қорытындысы қараша айында Алматы қаласында өтетін марапаттау рәсімінде жарияланады.

Жеңімпаздар тұрмыстық техника сатып алуға арналған сертификаттармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры 3 млн теңгені құрайды.

«Биыл біздің компания өзінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде біз өз саламызда көшбасшыға айналдық. Қазір біздің клиенттеріміздің 50% астамы – кәсіпкер әйелдер. Олар қалада ғана емес, еліміздің шалғай аймақтарында да тұрады. Сондықтан бұл сегментті қолдау – KMF-тің басты міндеттерінің бірі», – деді KMF компаниясының Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Әр номинацияда белгілі бір іріктеу критерийлері бар. «KMF Isker hanymy 2022» жүлдесінің жеңімпаздарын анықтау кезінде қазылар алқасы бизнестің үздіксіз өсуін, оның негізгі көрсеткіштерін, сонымен қатар жұмыс орындарының ашылуын ескереді.

«Жыл сайын бизнестегі әйелдердің рөлі артып келе жатқанын байқаймыз. Бұл ретте әйелдер кәсіпкерлігі бұрын дәстүрлі түрде ерлер басым болған салаларды қамтып жатыр. Биыл «KMF Isker hanymy 2022» жүлдесі біздің 25 жылдығымыздың аясында өтеді. Бұл іс-шара – әйелдер бизнесін қолдауға және оның дамуына ықпал етуге тағы бір мүмкіндік», - деп атап өтті «KMF-Демеу» қорының Бас Директоры Әсел Шегебаева. 

   


Анықтама: KMF — Қазақстанның ірі микроқаржы ұйымы. Нарықта 25 жылдан бері жұмыс істейді. Еліміздің ауылдық және шалғай аймақтарын қосқанда, кіші, шағын және орта кәсіпкерлерге қаржылық қызмет көрсетеді. Компанияның филиалдар желісі республиканың барлық аймақтарында бар және 114 бөлімшеден тұрады.

* № 02.21.0003.M микроқаржы қызметін атқаруға лицензия Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілді.

«KMF-Демеу» корпоративтік қоры бизнесті, жастарды дамытуды және халықта кәсіпкерлік ой қалыптастыруды қолдау үшін әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады.

Instagram: @kmfdemeu



Назад к разделу