KMF акционерлік қоғамға айналды
03.06.2024
«KMF (КМФ) «Микроқаржылық ұйымы» ЖШС акционерлік қоғам болып мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
Заңды тұлғаның өзгеруі компанияның қызметіне әсер етпейді. Кредиторлар, клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттеме өзгеріссіз қалады. Деректемелер, соның ішінде банктік және бас кеңсенің орналасқан жері бұрынғыдай болады.
Акционерлік қоғам болу Қазақстанда кәсіпкерліктің өсуі мен дамуына бағытталған өз стратегиясын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.
Толығырақ сілтемеде.