Кәсіпкер әйелдер үшін тамаша байқау жарияланды.
Байқауға кәсіпкер әйелдер қатыса алады. Сонымен қатар, байқауға қатысушы KMF-тің белсенді клиенті болуы шарт және кемінде 3 кредиті өтелген болуы керек.
Байқаудың жеңімпазы Бас жүлде – 1 миллион теңгеге сертификат алады. Бұдан бөлек бірнеше номинация бар:
• «Ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясын жеңген кәсіпкер әйелге 500 000 теңгеге сертификат беріледі.
• «Бизнестің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы да 500 000 теңгенің сертификатына ие болады.
• «Әлеуметтік бизнес» номинациясының жүлдесі - 500 000 теңгеге сертификат.
• Қазылар алқасының арнайы сыйлығы - 500 000 теңгеге сертификат.
Айта кетейік, KMF Isker hanymy-2021 байқауына қатысу үшін өтінімдер 1-қазанға дейін https://kmfiskerhanymy.kz/kz сайтында қабылданады. Байқау жеңімпаздары 5-желтоқсанға дейін Алматыда өтетін KMF Isker hanymy-2021 конференциясында жарияланады.