• KMF
  • Новости
  • Хабар 24: Қазақстандағы ең үлкен пазл рекордтар кітабына енгізілді

Хабар 24: Қазақстандағы ең үлкен пазл рекордтар кітабына енгізілді

16.09.2024
Қазақстанның картасы бейнеленген алып пазл елдің рекордтар кітабына енді.

Мың түрлі бөлшектен жиналған пазлды отандық KMF микроқаржылық компаниясының 500 қызметкері құрастырды. Іс-шараға Қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков арнайы қатысып, жетістікті тіркеді. KMF микроқаржы ұйымының қызметкерлері пазлды жинауға тыңғылықты дайындалған. Әр пазлда компанияның 17 бөлімі, 120 филиалы мен кәсіп түрлері бейнеленген.  Қанат Мұқаев, «KMF» МҚҰ» өңірлік желіні дамыту басқармасының менеджері: - Бұл картада біздің филиалдарымыздың философиясы, кәсіпкерлеріміздің бизнестері көрсетіледі. Осы арқылы біз кәсіпкерлердің, отандық кәсіпке деген үлесін, экономиканы дамытуға деген үлесін көрсетпекшіміз және жақында Конституция күні аталып өтті. Осылайша, біз сол күнге де өзіміздің құрметімізді білдіреміз.

Толығырақ сілтемеде.

Назад к разделу