• KMF
  • Новости
  • GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады
GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады

GEFF «Жасыл» қаржыландыруы. KMF клиенттері энергия үнемдейтін жабдықты, көліктерді сатып алып, кэшбэк ала алады

25.11.2022
Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды.

KMF-те ЕҚҚДБ-ның «GEFF Жасыл экономиканы қаржыландыру» бағдарламасы жалғасады. Бағдарлама бойынша өтемақы төлеу мерзімі 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды. KMF клиенттері, соның ішінде ШОБ және жеке үй шаруашылықтарының өкілдері жаңа немесе бұрын пайдаланылған энергияны үнемдейтін жабдықты, соның ішінде көлік құралын сатып алу үшін микрокредит рәсімдей алады, сонымен қатар, микрокредит сомасының немесе энергияны үнемдейтін жабдық құнының 10% немесе 15% көлемінде кэшбэк алады. Бағдарламаға енгізілген жабдықтардың, тауарлардың, көліктердің толық тізімі Жасыл технология селекторының ресми сайтында берілген.

KMF GEFF «Жасыл» қаржыландыру бағдарламасының бірінші серіктесі болды. Бағдарламаға қатысу барысында компания 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға 1300 несие берді. Клиенттер арасында ең көп сұранысқа ие болғандар - тұрмыстық техника, газ қазандықтары, жылыту, салқындату және ауаны баптау жүйелері, сондай-ақ ауыл шаруашылығына арналған жабдықтар мен машиналар, көлік құралдары.

Бағдарламаға қатысу қазақстандықтарға энергия үнемдейтін жабдықты сатып алу арқылы электр энергиясын тұтыну құнын айтарлықтай төмендетуге, СО2 шығарындыларын, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді.

Артықшылықтары
  • заманауи және энергияны үнемдейтін технологияларды орнату арқылы энергия тиімділігін арттыру
  • энергияны, суды және басқа да ресурстарды тұтынуды азайту және сәйкесінше шығынды азайту
  • жабдықтың өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру
  • несиеге алынған жабдық құнының немесе несие сомасының 10% не 15% көлемінде өтемақының берілуі
  • өнім сапасын арттыру
  • табыстылық пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру
  • мәселелерді энергияны үнемдейтін жоғары сапалы материалдармен шешу
  • қоршаған орта экологиясына қамқор компания ретіндегі имиджді жақсарту
  • Жасыл экономикаға көшу жаһандық мәселесін шешуге үлес қосу
GEFF «Жасыл» қаржыландыру бағдарламасына қатысу және өтемақы алу үшін клиент бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін жабдықты таңдауы керек, сонымен қатар, оны KMF қарыз қаражатына сатып алуы тиіс, орнату, верификация-тексеруге өтінімді беруі қажет. Өтемақы жылдам төленеді - тексеруге өтініш расталғаннан кейін келесі айдың соңына дейін.

Жоба Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Австрия Федералдық Қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Назад к разделу