• KMF
  • Новости
  • Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамына ие «B+» деңгейіндегі рейтингті растады және ұлттық рейтингті «Тұрақты» болжамында BBB(kaz) деңгейіне дейін көтерді
Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамына ие «B+»  деңгейіндегі рейтингті растады және ұлттық  рейтингті «Тұрақты» болжамында BBB(kaz) деңгейіне дейін көтерді

Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамына ие «B+» деңгейіндегі рейтингті растады және ұлттық рейтингті «Тұрақты» болжамында BBB(kaz) деңгейіне дейін көтерді

27.05.2022

2022 жылғы 26 мамырда Fitch Ratings «KMF» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ға «B+» деңгейінде, «Тұрақты» болжамына ие эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («ЭДР») растады. Сондай-ақ Fitch KMF-тің ұзақ мерзімді ұлттық рейтингін «Тұрақты» болжамында BBB-(kaz) деңгейінен BBB(kaz) деңгейіне дейін көтерді.

Fitch Ratings пікірінше, KMF-тің оң рейтинг алуына Компанияның Қазақстандағы микроқаржыландыру нарығындағы жетекші рөлі, құбылмалы операциялық орта жағдайында ұзақ уақыт бойы тұрақты қызмет етуі, жоғары табыстылығы, тікелей нарық тәуекеліне төзімді, сонымен қатар ішкі және халықаралық қаржыландыруға қолжетімді әртараптандырылған және қысқа мерзімді кредиттік портфелі себепші болды.  

- KMF басшылығы халықаралық кредиторлардан жергілікті қорландыру көздеріне ауысып, қаржыландыруды әртараптандырудың жүйелі стратегиясын таңдады, сонымен қатар өнімдердің түрі мен сату арналарын түрлендіріп, нарықтың сын-қатерлеріне сауатты жауап берді, – деп есептейді Fitch сарапшылары.

Ұзақ мерзімді ұлтық рейтингті көтеру KMF-тің операциялық қызметтің күрделі жағдайларында қорландырудың әртараптандырылған бейінін қолдаудағы беделін, сондай-ақ Қазақстандағы ресейлік қаржы ұйымдарының қатысуын қысқарту және ұсақ бәсекелестер үшін қиындықтар туғызатын пруденциялық реттеуді қатаңдату аясында компанияның бәсекелестік позициясы біртіндеп жақсарды деген Fitch-тің пікірін көрсетеді.

Fitch берген халықаралық рейтинг корпоративтік басқарудың жоғары деңгейін, қаржылық ашықтықты, шетел және жергілікті инвесторлар арасында KMF-тің мінсіз беделін растап отыр.

«Рейтинг алған сәттен бастап біздің компания қаржы көрсеткіштерін жақсартты, сонымен қатар жергілікті қорландыру мүмкіндігін тиімді пайдаланды. Рейтинг, тұтастай алғанда, компания позициясының күшейгенін көрсетеді және компанияның қаржыландыру алу мүмкіндігіне және МҚҰ нарығында компанияның өсуіне одан әрі оң ықпал етеді,- деп хабарлады KMF қаржы директоры Ольга Югай.

Әлеуметтік факторлардың ықпалын бағалау жақсарды. Компания ESG (әлеуметтік ықпалды ұстану) шкаласы бойынша 5 баллдан 4 балл алды.

KMF-тің бизнес-моделінің әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталуы, экологиялық проблемаларды шешуге және ауыл тұрғындары мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қаржыландыруға ұмтылуы KMF-ті оң бағалаудың қосымша елеулі факторлары болды.

- Биыл Компания өзінің 25 жылдығын атап өтеді, осы жылдар ішінде KMF жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін белсенді дамытуға, ауыл тұрғындарының қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге, Қазақстанның 160 мыңнан астам тұрғынын қамтыған қаржылық сауаттылық бойынша жаппай жобаны жүзеге асыруға үлкен мән беріп келеді. Ірі рейтинг агенттіктерінің бірі Fitch-тен рейтинг алу біз үшін компанияның әлеуметтік бағдарланған даму стратегиясын растайтын маңызды оқиға, - деп атап өтті KMF Басқарма Төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Назад к разделу