• KMF
  • Новости
  • Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамымен «B+» рейтингін растады
Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамымен «B+» рейтингін растады

Fitch KMF-ке «Тұрақты» болжамымен «B+» рейтингін растады

21.08.2023
Fitch Ratings «Тұрақты» болжамымен «B+» деңгейінде «KMF (ҚМФ)» микроқаржылық ұйымы» ЖШС эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («РДЭ») растады. Сондай-ақ «Тұрақты» болжамымен «BBB (kaz)» деңгейінде KMF ұлттық ұзақ мерзімді рейтингі расталды.

Fitch Ratings «Тұрақты» болжамымен «B+» деңгейінде «KMF (ҚМФ)» микроқаржылық ұйымы» ЖШС эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («РДЭ») растады. Сондай-ақ «Тұрақты» болжамымен «BBB (kaz)» деңгейінде KMF ұлттық ұзақ мерзімді рейтингі расталды.

«Оң рейтинг факторларына KMF-тің қазақстандық микроқаржы секторындағы жетекші нарықтық үлесін, дамып келе жатқан операциялық орта жағдайында ұзақ уақыт бойы тұрақты қызмет етуін, жоғары табыстылығын, әртараптандырылған және қысқа мерзімді кредиттік портфелін жатқызуға болады. KMF тікелей нарық тәуекеліне төзімді болғандықтан, сонымен қатар халықаралық қаржы ұйымдары мен импакт-инвесторларды қосқанда, ішкі және халықаралық қорландыруға қол жеткізгендіктен біраз артықшылықтарға ие», - делінген Fitch Ratings хабарламасында.

«Тұрақты» болжамы KMF-тің қазақстандық МҚҰ-ға қатысты жақсы бәсекелестік позицияларын, сондай-ақ оның бизнесінің өсіп келе жатқан ауқымын және ұсынылатын өнімдер мен қорландыру базасын біртіндеп әртараптандыруын көрсетеді. Пруденциялық нормативтердің үздіксіз қатаңдатылуы KMF-тің бәсекелестік позицияларына оң әсер етті, бұл банк ұйымдары болып табылмайтын шағын бәсекелестер үшін қиындықтар туғызады.

«KMF – ұзақ уақыт бойы ірі халықаралық қаржы институттары сенім артқан, мінсіз беделі бар компания. Өткен бір жылда біз цифрлық дамуда үлкен жетістіктерге жеттік, IT саласына инвестицияларды ұлғайттық және ESG стандарттары бойынша жұмысты күшейттік. Ашықтық, тұрақтылық және клиентке бағдарлану бізге саладағы ең ірі компания болып қалуға мүмкіндік береді. Fitch растаған рейтинг KMF сенімділігі мен тұрақтылығын айғақтайды және компанияның Қазақстан өңірлерінде цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтеріне кең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиясын растайды», — деп атап өтті KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

КMF — Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. 1997 жылдан бері кіші, шағын және орта кәсіпкерлерге қаржы қызметтерін көрсетеді. Республика бойынша 14 филиалы және 120 бөлімшесі бар. KMF баспасөз қызметі: Тамилла Таирова, тел.: + 7 727 331-74-74 ішкі 251, www.kmf.kz pr@kmf.kz

 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Назад к разделу