• KMF
  • Новости
  • Egemen: «KMF» пен «Қазпошта» серіктестік жөніндегі келісімшартқа қол қойды

Egemen: «KMF» пен «Қазпошта» серіктестік жөніндегі келісімшартқа қол қойды

31.05.2024
«KMF» қаржыландыруы бұрынғыдан да қол­же­тімді болмақ. 30 мамырда «KMF» компаниясы мен «Қазпошта» акцио­нерлік қоғамы серік­тестік жөніндегі ке­лісім­шартқа қол қой­ды.

Бұл келісімге сәйкес, енді 3 млн теңгеге дейінгі микро­кре­дитті 36 айға де­йінгі мерзімге «Қазпошта» бөлім­шелері арқылы рәсім­деуге болады. «KMF» қыз­меткерлерінің айтуынша, алғашқы қанатқақты жобаға «Қазпоштаның» 30 бөлімшесі қосылған және жоба екі айға созылмақ. Ал алдағы уақытта барлық филиалын қам­­ту көзделіп отыр.

«KMF» компаниясы клиенттеріне өз өнімдері мен қызметін ұсынып қана қоймай, оларды пайдалану клиент үшін барынша ыңғайлы болуына да барынша күшін салады. «Қазпошта» акционерлік қоғамымен серіктестігіміз арқылы біз клиенттерімізге бұрынғыдан да жақындай түстік және қаржыландыруға қол жеткізу де ыңғайлы бола түседі деп сенеміз. Себебі біздің тұтынушыларымыздың да басым бөлігі өңірлерде», деді «KMF» Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова.

Толығырақ сілтемеде.

Назад к разделу