• KMF
  • Новости
  • ЕҚДБ KMF компаниясына 25 млн доллар көлемінде кредит береді
ЕҚДБ KMF компаниясына 25 млн доллар көлемінде кредит береді

ЕҚДБ KMF компаниясына 25 млн доллар көлемінде кредит береді

29.07.2022
Тараптар тиісті құжатқа қол қойды. Қаражат әйелдер басқаратын шағын отандық компаниялар мен кәсіпорындарды қолдауға бағытталады.

Тараптар тиісті құжатқа қол қойды. Қаражат әйелдер басқаратын шағын отандық компаниялар мен кәсіпорындарды қолдауға бағытталады.

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) еліміздің жетекші микроқаржы ұйымы – KMF компнаиясына қосымша қаражат бере отырып, Қазақстандағы кіші, шағын және орта бизнесті қолдайды. KMF 2005 жылдан бері ЕҚДБ қаржы серіктесі екенін атап өту керек.

25 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражат басқару тізгінін әйелдер ұстаған, әсіресе ауылдық жерлерде орналасқан шағын компаниялар мен кәсіпорындарға үлестіріледі. 135 000 АҚШ долларына дейінгі жеке қосалқы кредиттер (жергілікті валютадағы баламасы) шағын отандық компаниялардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталады, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Осы жобаны іске асыру барысында KMF Еуропа одағаның қолдауымен Орталық Азияда жүзеге асырылатын Шағын бизнестің аймақтық бағдарламасы (ШБАБ) шеңберінде қолжетімді арнайы оқу бағдарламаларына қатысуды жалғастырады.

ШБАБ бағдарламасы онлайн білім беру платформасы, сонымен қатар семинарлар мен басқа да оқу іс-шаралары арқылы банктер, банктік емес микроқаржы ұйымдары, сонымен қатар шағын және орта бизнесті қаржыландыратын басқа қатысушылар үшін орталықтан білім алмасуға бағытталған.

2022 жылы ЕҚДБ Қазақстанның Банкке қосылуының 30 жылдығын атап өтеді. Осы уақытқа дейін елімізге 9,6 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салынды, бұл ЕҚДБ-ның Орталық Азиядағы ең ірі және ең ұзақ үздіксіз банк операциясы болып саналады.

KMF — Қазақстандағы аса ірі микроқаржы ұйымы. Нарықта 25 жылдан бері қызмет етіп келеді. Компания кіші, шағын және орта кәсіпкерлікке, оның ішінде ауылдық және шалғай аудандарда қаржы қызметтерін көрсетеді. Компанияның филиалдары республиканың барлық аймағында бар және 114 бөлімшеден тұрады.

Назад к разделу