"Бір сиырмен бастадым": Сауыншыдан кәсіпкерге айналған Күлшат Абдуллақызы өз оқиғасын айтты
06.10.2021
Дәл қазір бүкіл әлем, адамзат бар назарын денсаулыққа бұрып, ең басты байлықтың не екенін енді ұққандай. Ал денсаулықтың мықты болуына ықпал ететін ең басты дүниелердің бірі – табиғи, таза тағам. Сол үшін де, қазіргі заманда табиғи өнім, химиялық қоспасыз тағам дегеніміз қазынамыздың біріне айналды. Ал Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Халыққа Жолдауында сол қазынаға қол жеткізудің тетіктерін атап өтті.