• KMF
  • Новости
  • Басқаларға көмектесе отырып - бақытқа ие боламыз…

Басқаларға көмектесе отырып - бақытқа ие боламыз…

12.02.2013

Бұл жылы ол жақындарыңа қамқор және көмекке мұқтаж жандарға рақымды болуға шақыратын Құрбан-айт мерекесімен қатар келді. Балалар үйінің төрт жүзден астам тәрбиеленушісі KMF басшылығы мен қызметкерлерінің тарабынан сыйлық алды және жылы ілтипатқа ие болды.

Балалардың қуанышты қонақжайлығынан қонақтар жағымды әсер алды. «Ковчег» балалар үйіне «KMF» МКҰ Басқарма Төрағасы Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов және «KMF-Демеу» Бас директоры Ибрагимова Рауза Абдулвахитовна, сондай-ақ басты кеңсенің және компанияның Алматы филиалының басқа да қызметкерлері келді.

«Ковчег» дарындарға бай. Бұнда балалар қол өнерімен тығыз айналысады және тамаша бұйымдарды дайындайды. Мысалы, ұйымдастырушылар KMF-ның Алматы филиалы мен басты кеңсесінің барлық қызметкерлерінің арасында аукцион өткізуді ұсынды, онда эксклюзивті бұйымды естелікке алуға болатын. Қызметкерлерге бұл бұйымдар жағымды әсер қалдырды. Олардың барлығы махабатпен жасалған және өте әдемі көрінетін. Балалардың өнердегі шығармашылық ой-қиялы шектеусіз екен.

Тәрбиеленушілер демеушілік көмек, аукционнан гонорар алды, сондай-ақ қысқы аяқ киіммен қамтамасыз етілді.

«Біз балалар қоршаған адамдарға сүйіспеншілікпен қарауды және бір-біріне жақсы қарым-қатынасты сақтауды, өз маңайында тәртіп пен сұлулықты жасай білуді үйренуін өте маңызды деп санаймыз», - деп атап көрсетті «Ковчег» балалар үйінің директоры Марина Анатольевна Сугакова.

Шарада бағдарлама толығымен орындалды. Мерекенің басында балаларға «Қызыл телпек және алтын ереже» қойылымы қазіргі заманғы нұсқасында көрсетілді. Қойылым балаларға да, ересектерге де қызықты болды.

Тәрбиеленушілер Алматы филиалының қызметкерлері ұйымдастырған концерттен де керемет шаттық пен жағымды әсер алды. Қазақтың халық әндері де, сондай-ақ қазіргі заманғы әндер де айтылды, би биленді. Одан кейін тәрбиеленушілер де қонақтарға өз бағдарламасын ұсынды, онда «құпия істің әрдайым жарыққа шығатыны» жайлы тағлым аларлық қойылым көрсетіліп, сондай-ақ концерт ұсынылды.

KMF-ның қолдауымен «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтарды ұсыну мерекелік шай ішумен және естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

Біз көмегімізді қажет ететін балаларға қуана көмектесеміз. Біз үшін бақыт - балалардың бақытты екенін көру.

Назад к разделу