Барлық қазақстандықтар үшін тегін кредиттік есеп
Құрметті клиенттер.
Бірінші кредиттік бюро «Есеп біздің есебімізден» әлеуметтік акциясын іске қосты: 2019 жылдың қыркүйегінен бастап жылдың соңына дейін БКБ барлық қазақстандықтарға ақысыз Персоналды кредиттік есеп, Корпоративтік кредиттік есеп, Кредиттік тарихты бақылау, Персоналды кредиттік рейтинг ұсынады.
Пайдаланушы кез келген дереккөзден онлайн, сондай-ақ оффлайн режимде БКБ қызметтерін ала алады. Бірқатар қызметтер үшін жеке куәлік және ЭЦҚ талап етілмейді.
БКБ есебінен қалай және қай жерден есептер алуға болатынын 1cb.kz сайтында толығырақ біле аласыздар. Кейбір онлайн-арналар бета-тестілеуден өтуде.
БКБ акцияның аясында келесі қызметтерді ұсынады:
*Персоналды кредиттік есеп – жеке тұлғаның кредиттік тарихы туралы ақпарат
*Персоналды кредиттік рейтинг – кредиттік тарихтың негізінде есептелген жеке тұлғаның жиынтық рейтингі
*Кредиттік тарихты бақылау – кредиттік тарихтағы өзгерістер туралы хабарлайтын жазылу сервисі
*Корпоративтік кредиттік есеп – заңды тұлғаның кредиттік тарихы туралы ақпарат
*Unlim – 31.12.2020 дейінгі мерзіммен кредиттік есепті лимитсіз алуға жазылу сервисі
Бұл акция қазақстандықтардың назарын кредиттік тарихтарына аудару мақсатында, әлеуметтік мәртебесі бойынша саралаусыз, Қазақстанның барлық азаматтарын әлеуметтік қолдау аясында қолға алынды. Бұл әсіресе мемлекет тұлғалардың белгілі бір санаттарына қарыздарын өтеу бойынша, сонымен қатар өсімақы мен айыппұлдарын есептен шығару бойынша процедураларды жүргізгеннен кейін өзекті болып отыр.
Анықтама мына телефондар бойынша: +7 (727) 300-01-50, -56, -62, -86,-95
Whatsapp, Telegram +7 (708) 971-39-34