09.06.2025

«Қалың малға берген»: Қазақтар тазыны неліктен қазынаға балаған?
Алматыда этноорталық ашып, қазақтың рухани құндылықтарын насихаттап жүрген ерекше бір бойжеткен бар. Ол — Меруерт Есенова. Бұрын жекпе-жек спортымен айналысқан Меруерт бүгінде бар уақытын қазақ мәдениетін қайта жандандыруға арнаған. Ол өз орталығында атқа міну, садақ ату, ұлттық киіммен фотосессиялар секілді көптеген этношара өткізеді. Бірақ оның жүрегінің түкпірінде жатқан нағыз махаббаты — тазыға деген сүйіспеншілігі.