• KMF
  • Новости
  • Қаланы көгалдандырумен айналысатын Алматы облысының тұрғыны миллион ұтып алды

Қаланы көгалдандырумен айналысатын Алматы облысының тұрғыны миллион ұтып алды

15.11.2022
"KMF Іскер ханымы-2022" байқауы мәреге жетті. Алматы қаласында бас қосқан кәсіпкер әйелдер бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасып, байқау жеңімпаздарының кім болғанын білді. Шараны ұйымдастырушы – KMF компаниясы және "KMF-Демеу" қоры.

Өткен жылы мыңнан аса кәсіпкер әйел қатысуға өтінім білдірген байқаудың биылғы қатысушыларының саны екі еселеніп, өтінімдер 2 мыңнан асып түскен. Бас жүлде –  тұрмыстық техника сатып алуға арналған 1 млн теңгенің сертификатына Айгүл Мұқанқызы Асырауова (Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылдық округінің тұрғыны) ие болды. Алматы қаласы мен облысында ландшафт дизайнмен және көгалдандырумен айналысатын кәсіпкер негізгі мамандығының мұғалім екенін айтады. Алайда мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмеген ол бірден бизнеске бет бұрған. Бастапқыда базарда гүл сатумен айналысқан кәсіпкер кейін KMF-тің көмегімен техникалар алып, жылыжай тұрғызып, кәсібінің ауқымын кеңейткен. 6 гектар жерге 3 мың шаршы метр жылыжай салған Айгүл Мұқанқызы бүгінгі таңда 60 адамға жұмыс беріп отыр.

Толығырақ сілтемеде.


Назад к разделу