• KMF
  • Новости
  • АҚШ бас консулы KMF клиенттерімен кездеседі
АҚШ бас консулы KMF клиенттерімен кездеседі

АҚШ бас консулы KMF клиенттерімен кездеседі

02.11.2021
АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулы KMF клиенттерінің даму тарихына қызығушылық танытты
KMF Түркістан филиалының клиенттері АҚШ-тың ҚР-дағы бас консулы Кэролайн Сэвиджпен кездесіп, оған кәсіпкер ретіндегі өздерінің даму тарихтарын айтып берді. Кездесу 28 қазанда Түркістанда өткен Born Nomad ауқымды форумы мен фестивалінде өтті, оған екі мыңнан астам қолөнерші қатысты. Іс-шара дәстүрлі қолөнерлерді дамыту және мәдени мұраны сақтау арқылы әйелдердің экономикалық дамуын және әйел кәсіпкерлігін қолдауға арналған «Қолөнершілердің мүмкіндіктерін кеңейту» ауқымды жобасының бір бөлігі болды.

Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл толады, сонымен бірге біз АҚШ және Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын да атап өтеміз, дейді консул. Осы жылдардың ішінде USAID (Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігі) микрокредиттеу әдістемелерін әзірлеу, капитал нарықтарын құру үшін қажетті заңдарды, ережелерді және инфрақұрылымды әзірлеуде және енгізуде Қазақстанға көмек көрсетуді қосқанда, нарықтық экономикаға экономикалық өтуге бағытталған көптеген бағдарламаларға мұрындық болды. Осындай жобалардың бірі 1997 жылы USAID негізін салған KMF болатын.

Микроқаржыландыру идеясы қазақ жерінде табыстылықпен жүзеге асып, алғысын білдіруші көптеген алушылардың барына көз жеткізу үшін Бас консул KMF клиенттерімен сұхбаттасуды шешті.

Саодат Абдрашитова жиырма жылдан бері ет сатады және осы мерзімнің жартысында KMF-тен кредит алып келеді. Бастапқыда бір жылқыдан бастаған бизнес кейін отбасылық бизнеске айналды, деп еске алады Саодат.

«Бұл бизнес үшін жабдық аса қажет болмады. Кейін біз кеңеюді ойлай бастадық: малды ұстау, өсіру үшін фермамызды салу, қысқа шөп сатып алу және дайындау, ауылшаруашылық техникасын сатып алу. Мұның бәріне біз КМF кредиттерінің арқасында қол жеткіздік. Бүгінде біздің малды ұстау үшін қажеттінің барлығымен жабдықталған фермамыз бар, қасапхана салдық. Үнемі жем сатып аламыз. Өйткені жылқыны бордақылаудағы маңызды нәрсе бұл дұрыс тамақтану ғой. Оған жануардың салмақ жинау жылдамдығы ғана емес, сондай-ақ еттің сапасы да байланысты. Жуырда 22 миллион теңгеге трактор сатып алдық, оны ұлым айдап жүр. Шаруашылықты бүкіл жанұямызбен жүргіземіз. Бизнестің жолға қойылғанына біз ризамыз, тауарға клиенттерім риза. Ет әрдайым дәмді, жаңадан сойылған. КМF-ке гүлденуді, өсе беруін тілеймін!»

Кэролайн Сэвидж клиенттеріміздің табыстылық тарихынан, сондай-ақ KMF-тің қаржыландыру ауқымынан әсер алды.

Екінші кәсіпкер Анар Абилова әйелдер киімін сатады және KMF-тен 15 жылдан бері кредит алып келеді. Ол бизнесін 2000-жылдардың басында бастады. Бастапқыда бизнесті өзі жүргізді. Кейін оның жанұясы жұмылды.

«500 мың теңгені құрайтын бірінші қарызға мен Түркиядан сапалы киім сатып алдым, - дейді әйел.- Қаланың орталық универмагында орын қарастырдым. Менің тұрақты клиенттерім негізінен мұғалімдер мен ЖОО оқытушылары, банк және басқа да кеңсе қызметкерлері. Тауарды сатып алғанда олардың талғамдары мен таңдауларын ескеремін. КМF арқасында мен бизнесімді кеңейтіп алдым, бүгінде менің төрт дүкенім бар. Екі дүкенде ерлердің киімін сатамын. Оларды ұлым басқарады. KMF кредиттері маған игілік әкелгенін сеніммен айта аламын. Мен бизнесімді кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ 2 қабатты үй салдым, автокөлік сатып алдым. Қызымды қияға, ұлымды ұяға қондырдым. Бізде бәрі жақсы. KMF-ке көп рахмет! Әрі қарай өсіп-өркендей беруін тілеймін»!
Назад к разделу