KMF CARD артықшылықтары

Шығару — 0 теңге
Шығару — 0 теңге

Физикалық карта тегін

Қолма-қол ақша шешу — 0 теңге
Қолма-қол ақша шешу — 0 теңге

Айына 500 000 теңгеге дейін шешіңіз

Қызмет көрсету — 0 теңге
Қызмет көрсету — 0 теңге

2 минутта ашыңыз

Картаны қалай ашуға болады

1

KMF Bank мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз

2

Картаны ашыңыз

Қосымшадағы нұсқауларды орындаңыз

3

Сатып алулар жасаңыз

Карта ашылған сәттен бастап бірден қолжетімді

Карта шарттары

Операция түрі Тариф
Картаны шығару (цифрлық/пластикалық) 0 теңге
Жылдық қызмет көрсету бірінші жыл - 0 KZT; екінші жəне кейінгі жылдар - 1 500 KZT
Картаға ақша аудару 0 теңге
Өз шоттарыңыз арасындағы аударымдар 0 теңге
Банк клиентіне аударымдар 0 теңге
ҚР банкоматтардан қолма-қол ақша шешу 0 теңге – 500 мың теңгеге дейін; 500 мың теңгеден жоғары – 0,9% (ең азы 200 теңге)
ҚР тыс банкоматтардан қолма-қол ақша шешу 1,5% мин., 1 000 теңге
Картаны шығару (цифрлық/пластикалық)
0 теңге
Жылдық қызмет көрсету
бірінші жыл - 0 KZT; екінші жəне кейінгі жылдар - 1 500 KZT
Картаға ақша аудару
0 теңге
Өз шоттарыңыз арасындағы аударымдар
0 теңге
Банк клиентіне аударымдар
0 теңге
ҚР банкоматтардан қолма-қол ақша шешу
0 теңге – 500 мың теңгеге дейін; 500 мың теңгеден жоғары – 0,9% (ең азы 200 теңге)
ҚР тыс банкоматтардан қолма-қол ақша шешу
1,5% мин., 1 000 теңге
KMF CARD цифрлық төлем картасын ашыңыз

KMF CARD цифрлық төлем картасын ашыңыз

Мобильді қосымшада
KMF CARD цифрлық төлем картасын ашыңыз

Сұрақтар мен жауаптар

KMF CARD картасын қалай ашуға болады?
SMS-код келмесе не істеу керек?

Мыналарды тексеріңіз:

  • телефон нөмірінің дұрыс енгізілгенін;
  • желінің бар-жоғын;
  • SMS-хабарламаларға шектеу қойылмағанын.

Егер мәселе шешілмесе, банктің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Карта ашу үшін бөлімшеге бару қажет пе?

Жоқ. KMFCARD картасын мобильді қосымша арқылы онлайн ашуға болады.

Цифрлық картаны ашу қанша уақыт алады?

Цифрлық карта өтінімді растағаннан кейін бірден шығарылады.

Картаны ашқаннан кейін оны қашан пайдалануға болады?

Бірден! Карта қосымшада көрінген сәттен бастап бірден пайдалануға болады. Сіз аударым жасап, интернет арқылы төлем жүргізе аласыз.

Бірнеше KMF CARD картасын ашуға бола ма?

Иә, 3 картаға дейін ашуға болады.

Пластикалық KMF CARD картасына қалай тапсырыс беруге болады?

Мобильді қосымшада картаңыздың мәліметтері бөліміне өтіп, «Пластикке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз, картаны өзіңізге ыңғайлы бөлімшеден алу үшін бөлімшені таңдап, өтінімді растаңыз.

Пластикалық карта қанша уақытта дайын болады?

Картаны дайындау және жеткізу мерзімі өңірге байланысты 3-тен 20 жұмыс күніне дейін созылады.

Дайын картаны қайдан алуға болады?

Картаны өтінім беру кезінде таңдаған бөлімшеден аласыз.

Пластикалық картаның дайын болғанын қалай білуге болады?

Карта дайын болған кезде сізге PUSH-хабарлама келеді.

PIN-кодты қалай орнатады?
  • Қосымшада «Менің Банкім» бөліміне өтіңіз.
  • Қажетті картаны таңдаңыз.
  • Пластикалық картаға тапсырыс беріңіз.
  • «PIN-код орнату/өзгерту» басыңыз.
  • 4 саннан тұратын комбинацияны енгізіп, әрекетті растаңыз.
PIN-кодты кейін өзгертуге бола ма?

Иә. PIN-кодты мобильді қосымшадағы карта баптауларында кез келген уақытта өзгертуге болады.

PIN-кодты ұмытып қалса, не істеу керек?

Мобильді қосымша арқылы жаңа PIN-код орната аласыз.

Картаның/шоттың деректемелерін қалай көруге болады?
  • Қосымшада «Менің Банкім» бөліміне өтіңіз.
  • Қажетті картаны таңдаңыз.
  • «Деректемелер» бөліміне кіріңіз.
  • Осыдан кейін картаның нөмірі, жарамдылық мерзімі және CVV-код көрсетіледі.
Маған ақша аудару үшін картаның/шоттың деректемелерін қалай жіберуге болады?
  • Қосымшада «Менің Банкім» бөліміне өтіңіз.
  • Қажетті картаны таңдаңыз.
  • «Деректемелер» бөліміне кіріңіз.
  • «Көшіру» батырмасын басыңыз.
Маған ақша аудару үшін қандай деректерді жіберуге болады?

Аударым жасау үшін:

  • картаның нөмірін;
  • IBAN шотты;
  • алушының аты-жөнін;
  • Банктің атауын жіберуге болады.
Ақша аударымын алу үшін карта не шот деректемелерін басқа біреуге жіберу қауіпсіз бе?

Иә Ақша аудару үшін карта не шот нөмірін беру жеткілікті.
Төмендегі мәліметтерді ешкімге хабарламаңыз:

  • CVV-код;
  • SMS арқылы келген растау кодтары;
  • Картаның PIN-коды;
  • мобильді қосымшаның құпиясөзі.
CVV-код деген не?

CVV-код – төлем картасының түпнұсқалығын растауға арналған үш таңбалы код, ол картаның артқы бетінде қол қою жолағының жанында орналасқан. CVV-код интернет арқылы төлем жасағанда қолданылады және құпия ақпарат болып саналады.   

Картаны қалай уақытша бұғаттауға болады?
  • Қосымшада «Менің Банкім» бөліміне өтіңіз.
  • Қажетті картаны таңдаңыз.
  • «Уақытша бұғаттау» қосқышын іске қосыңыз.
  • Осыдан кейін карта бойынша операциялар қолжетімсіз болады.
Картаны қалай бұғаттан шығаруға болады?

Уақытша бұғаттауды алып тастау үшін 7474 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласыңыз.

Карта жоғалғанда не істеу керек?

Картаны дереу мобильді қосымша арқылы уақытша бұғаттап, қайта шығару үшін банкке жүгіну қажет.

Картаны ашқаннан кейін интернет арқылы бірден төлем жасауға бола ма?

Иә. Цифрлық карта шығарғаннан кейін бірден белсенді болады. Интернет арқылы төлем жасау үшін карта деректемелері мен CVV-код пайдаланылады.

Картаны ашу туралы өтінішпен қай жерде танысуға болады?

Картаны ашу туралы өтінішпен мобильді қосымшаның «Анықтамалар мен құжаттар» бөлімінде танысып, жүктеп алуға болады.

Қосымшада анықтаманы қалай алуға болады?

Мобильді қосымшаны ашыңыз, қажетті картаны таңдаңыз және «Анықтамалар мен құжаттар» бөліміне өтіңіз. Сол жерден қажетті құжатты рәсімдей аласыз.

«Анықтамалар мен құжаттар» бөлімінде қандай құжаттар қолжетімді?

Бұл бөлімде карта ашу туралы өтініш, қолжетімді қалдық туралы анықтама және шоттың бар екендігі туралы анықтама бар. Қажеттісін таңдаңыз.

Анықтаманы рәсімдеу кезінде қандай параметрлерді көрсету қажет?

Рәсімдеу кезінде құжаттың түрін, қажетті уақыт кезеңін және тілді (қазақ не орыс тілі) таңдаңыз.

Даулы операцияны рәсімдеу үшін қайда жүгіну қажет?

Банктің жақын жердегі бөлімшесіне жеке өзіңіз жүгінуіңіз қажет.

Операцияға қалай шағым беруге болады?

Даулы операция бойынша ресми өтініш жазып, банкке тапсыру қажет.

Өтініш берілгеннен кейін не болады?

Банк өтінішті тіркеп, тексеру рәсімін бастайды.

Өтініш қанша уақытта қаралады?

Өтінішті қарау және шешім қабылдау мерзімі 45 күнге дейін созылуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда халықаралық төлем жүйелерінің қағидаларына сәйкес оның қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін.