Жылдам аудару
шот ашпастан
Комиссия 0%
конвертациямен аударым кезінде
Қамту аумағы кең
35-тен астам ел
10 000 АҚШ долларына дейінгі
балама сомада
Шарттары
| Валюта | KZT, USD |
| Аударымның максималды сомасы | 10 000 АҚШ доллары (басқа валюталарда осы сомаға баламалы) |
| Аударым бағыты | Әлемнің 35-тен астам елінде 20 000 қызмет көрсету нүктесі бар |
| Аударым үшін комиссия | Ақша аударымдары жүйесінің тарифтеріне сәйкес |
| Ақшаны жіберу және алу тәсілі | Банк бөлімшелерінде |
Аударымды қалай алуға немесе қабылдауға болады
1
Жеке басын куәландыратын
құжатты көрсету
2
Аударым сомасын және валютасын
сонымен қатар алатын елді көрсету
3
Алушының аты-жөнін
және телефон нөмірін көрсету
1
Жеке басын куәландыратын
құжатты көрсету
2
Аударымның бақылау
нөмірін хабарлау
3
Ақша жөнелтушінің аты-жөнін
және аударым сомасын айту
Аударымдар мына бөлімшелерде қолжетімді:
Сұрақ Жауап
Ақша аударымын «Золотая Корона» жүйесі арқылы әлемнің 35 еліне жіберуге болады. Аударымды 20 000-нан астам қызмет көрсету нүктелерінде алуға болады.
Аударымды жіберуші тек жеке тұлға – резидент немесе бейрезидент бола алады.
Аударымдар теңгемен (KZT) және АҚШ долларымен (USD) қолжетімді.
Аударымды жіберу және алу банктің көрсетілген бөлімшелерінде ғана жүзеге асырылады.
Аударымды жіберу үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін — тұруға ықтиярхат немесе заңнамаға сәйкес жеке басын куәландыратын өзге де құжат қажет.
Аударымды рәсімдеу кезінде алушының дұрыс деректерін көрсету қажет: тегі, аты, телефон нөмірі, аударымды алатын ел мен қала.
Көп жағдайда аударым бірнеше минут ішінде алуға қолжетімді болады. Егер аударым демалыс немесе мереке күндері рәсімделсе, мерзімі 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Ақша аударымын жіберілген күннен бастап 3 жыл ішінде алуға болады.
Бір аударымның ең жоғары сомасы 10 000 АҚШ долларын немесе осы сомаға баламалы басқа валютадағы мөлшерді құрайды.
Комиссия мөлшерін «Золотая Корона» жүйесі белгілейді. Қолданыстағы тарифтермен жүйенің ресми сайтында танысуға болады.
Аударым рәсімделгеннен кейін жіберушіге аударым нөмірі хабарланады. Осы нөмір арқылы «Золотая Корона» жүйесінің сайтында аударым статусын тексеруге болады.
Алушы аударымды алу үшін аударым нөмірін білуі және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.
Қазіргі уақытта аударымдарды жіберу және алу KMF Банктің бөлімшелерінде ғана қолжетімді. Біз болашақта бұл қызметтің цифрлық арналарда да қолжетімді болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз.