
ҚР «Атамекен» ҰКП-ның кезектен тыс өткен IX съезінде палата Төралқасының жаңа құрамы сайланды. Төралқаның бір мүшесі ретінде «Қазақстанның микроқаржылық ұйымдарының қауымдастығы» Директорлар кеңесінің Төрағасы және KMF МҚҰ Басқарма Төрағасы Шалқар Аманқосұлы Жүсіпов таңдалды. Оның жетекшілігімен микроқаржы ұйымымыз 25 жылға жуық уақыттан бері кәсіпкерлерге көмектесіп, қаржылай қолдау көрсетіп, Қазақстанда ғана емес, Орталық Азиядағы ең ірі МҚҰ болып отыр.
Қазақстанның микроқаржылық ұйымдарының қауымдастығы Төрағаны құттықтап үлгерді.
"Микроқаржы секторының өкілдері үшін бұл үлкен мәртебе және ел тағдырын ойлайтын нағыз кәсіпқойлардың жаңа командасы бизнестің мүдделерін ашық әрі тиімді түрде қорғайтынына шын жүректен сенеміз», - делінген құттықтауда!
Тағы оқыңыз

Тараптар тиісті құжатқа қол қойды. Қаражат әйелдер басқаратын шағын отандық компаниялар мен кәсіпорындарды қолдауға бағытталады.


Өзінің 25 жылдығына орай KMF компаниясы және «KMF-Демеу» қоры «KMF Isker hanymy 2022» жүлдесін тағайындайды.

KMF пен Азия даму банкі 15 млн долларлық келісімге қол қойды. Бұл компаниямыздың АДБ-мен бірлескен алғашқы жобасы. Бөлінген қаржы әсіресе ауылдық ...



